БЕКМҰРАТ УАХАТОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЖАНРЛАР ЖҮЙЕСІ МЕН СИПАТЫ
Аннотация
Жанрлардың жалпы көркемдік және морфологиялық
(құрылымдық) белгілері көркем шығармашылықтың ғасырлар бойы
жасаған тәжірибесінен туғандықтан айтарлықтай тұрақты.
Сол себепті фольклорлық жанрларының әрқайсысының (айталық,
ертегінің, аңыздың, хикаят, әпсананың, т.б.) композициялық және
сюжеттік құрамын белгілі бір мөлшерде анықтауға, білуге болады.
Фольклорлық шығармалар типологиясын әдебиеттану
ғылымының тәжірибесі негізінде классификациялап келген.
Мұндай саралау фольклор мен әдебиет жанрлары арасындағы
генезистік, тақырыптық және сюжеттік ұқсастықтар негізінде
қалыптасқан еді. Сондай-ақ фольклор жанрларын әдебиеттану
тұрғысынан классификациялау зерттеу нысанына байланысты
болды.Фольклорлық үлгідегі шығармалар типология мәселесін халық
өнерінің түрлері мен түрлі ғылым салаларының ерекшеліктеріне
қарай қарастырған жөн.
Осы тұрғыда алғаш болып, фольклорист ғалым Бекмұрат
Уахатовтың зерттеу еңбектері фольклор құбылыстарының
қатпарына терең бойлаумен, тұжырымдарының жаңашылдығымен,
ғылыми нысанасына кешенді қарауымен ерекшеленеді. Ғалым
халық шығармашылығының ежелгі түп-тамырынан бүгінге дейінгі
даму жолдары мен қалыптасуын классикалық фольклортану,
әдебиеттану, өнертану қағидаттары аясында саралайды.
Мақалада фольклор жаңаша көзқарас тұрғысынан жүйеленіп,
оның дүниетанымдық қызметі, әдебиетпен байланысы, жанрлық
түрлері жан-жақты қарастырылады. Фольклордың даму тарихы
мен теориясына, поэтикасы мен текстологиясына, жалпы
типологиясына қатысты мәселелер қамтылып, жекелеген жанрлар
мен шығармалар жаңаша зерделенген.
Автор
А. Т. Ибраева, Н. Қ. Жүсіпов
DOI
https://doi.org/10.48081/GQBI9377
Ключевые слова
фольклортану, жанрлық сипат, көркемдік пішін, халық өлеңі, жанрлық категория, фольклорлық жанр, этнографиялық материал.
Год
2020
Номер
Выпуск 3