ОККАЗИОНАЛ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
Аннотация
автор шығармаларындағы метафоралардың тілдік болмысы
мен тілдегі қызметі, жалпы метафора құбылысын зерттеу
объектісі ретінде қарастыру көзделген. Көркем шығармалардағы
окказионал метафоралардың жасалуы, символдық мәнге ие болу
мәні, тілдік тұлғаның басты ерекшелігін көрсететін тұстары
және танымдық қызметі талданған. Әсіресе метафораның
адам ойын қалыптастырушылық қызметі мен зерттеушілердің
тұжырымдары зерделеніп, метафораның тіліміздегі сөз мағынасын
кеңейтудегі маңызы қарастырылды. Сонымен қатар, жазушы
шығармаларындағы ұшқыр қиял мен шеберлік арқылы бұрыннан
бар атауға ұқсату, балау, салыстыру нәтижесінде жаңа атауға
ие сөз қолданыстары, бір қолданар сөздердің жасалу жолдары
мысалдар арқылы талдауға түсіп, көркемдік қызметі анықталды.
Стилистикалық фигуралардың бірі – метафоралардың таным
үдерісінде жаңа ақпарат ағынын тың ауыстырулармен қамтамасыз
етудегі қызметі де, автор назарында болды. Х. Есенжановтың
шығармаларындағы метафоралар, оның ішіінде окказионал
қолданыстар суреткердің көркем ойын бейнеленуінің тиімді құралы
және сөз зергерлерінің стилін анықтайтын тілдік бірліктердің
танымдық табиғатын ашатын, көркемдік құралдар екендігі
анықталды. Сонымен бірге метафораның қалыптасу барысында
көркем бейне туындайды. Метафораны қолдану барысында автор
ұлттық дүниетанымда қалыптасқан дайын құрылымдарды –
фреймдерді қоса отырып, әсіресе неғұрлым әсер ететін нұсқасын
пайдаланғанын байқауға болады.
Әрбір суреткер өз шығармасында метафораны қолданады және
әр көркем сөз шебері алмастырудың осы түрін қолдануында өзіндік
ерекшеліктері байқалады.Әсіресе окказионал метафоралардың қаламгердің ойы мен танымын көрсетудегі қызметі айрықша
байқалды.
Автор
К. Қ. Есіркепова, С. Ғ.Қанапина
DOI
https://doi.org/10.48081/LMAF4903
Ключевые слова
окказионал, ассоциация, метафора, тілдік тұлға, дүниетаным
Год
2020
Номер
Выпуск 3