ҚАЗАҚ ПАРЕМИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЗАТТАНҒАН СӨЗДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ
Аннотация
Қазақ тілінің қалыптасу, даму тарихын, сөз қолданыстарын зерттеуде мақал-мәтелдердің рөлі ерекше. Қазақ паремиологиясындағы тілдік тұлғалардың семантикасын, грамматикалық ерекшеліктерін,сөзжасамын, қолданысын зерттеу – бүгінгі таңдағы өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Қазақ паремиологиясындағы тілдік бірліктердің біршамасы концептуалды, бинарлық оппозиция тұрғысынан зерттеліп, мағыналық топтары анықталып, текстологиялық тұрғыдан талданғанымен, заттанған сөздердің семантикасы, грамматикалық ерекшеліктері, олардың қолдану жиілігі – әлі күнге дейін зерттелмеген тақырып. Сондықтан бүгінгі мақаламызда қазақтың бай паремиологиясындағы заттанған сөздер талданды. Бұл тақырып қазақ тіл білімінде алғаш рет мақала деңгейінде сөз болып отырғандықтан, әлі де жекелеген талдаулар мен зерттеулерді қажет етері сөзсіз.
Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ паремиологиясындағы заттанған сөздерді анықтап, олардың семантикалық табиғатын ашу, қолданысын саралау. Осы мақсатқа жету жолында мақалада субстантивация құбылысының паремияларда көрініс табуы, мағыналық байланысы анықталды.
Мақалада ғалым Ә.Қайдардың «Халық даналығы» еңбегі мен «Бабалар сөзі» жүзтомдығының 65-томы (2010) негізгі дереккөз ретінде пайдаланылып, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен түсіндірмелері басшылыққа алынды. Мақаланың зерттеу нәтижелері паремиология, семантика, қазақ сөзжасамы, грамматология бағытындағы зерттеушілерге пайдалы болмақ.
Автор
Ақжігітова А.О.
Салқынбай А.Б.
Сәрсенбай Ж.А.
DOI
10.48081/IACQ7202
Ключевые слова
паремиология
паремия
заттану
семантика
сөзжасам
Год
2025
Номер
Выпуск 4