Вестник ToU
Филологическая серия
search Найти
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ҚАРА СӨЗДЕРІНДЕГІ ИНТЕРТЕКСТУАЛДЫҚ МӘТІНДЕР СИПАТЫ
Аннотация
Мақалада Абай Құнанбаев қара сөздеріндегі интертекстуалдық мәтіндердің табиғаты талданады. Зерттеуде ұлы ақын сөздерінің мағынасы, шығармаларындағы интермәтіннің сипаты ашылады. Интермәтін қазіргі кезде көркем, публицистикалық және жарнамалық мәтіндердің өзіндік ерекшелігіне айналуда. Фольклор үлгілері интермәтін ретінде талданады: фразеологизмдер, халық мақал-мәтелдері; прецеденттік атаулар прецеденттік мәтіндер ретінде қарастырылады бұл поэтикалық шығармалар мен фольклордағы кейіпкерлердің аттары, метафоралар мен фразеологиялық бірліктер. Абайдың қара сөздеріндегі интермәтіннің поэтикалық табиғаты бірінші рет қарастырылып отыр. Интермәтіндік қолданыстар кейіпкерлерді суреттеуге, сипатталған оқиғаларға автордың көзқарасын білдіруге, автор ойын жеткізуге мүмкіндік береді. Интермәтіндерді тиімді қолдану шығарманың оқырманға әсер ету функциясының артуына ықпал ететіндігі расталды, өйткені ол оқырманның мәдени, тарихи білімін кеңейтеді және ұлттық кодты дамытуға ықпал етеді Прецеденттік атаулар қазақ мәдениеті, әдебиеті мен тарихында ерекше орын алады. Олар тарихи тұлғалар, мифтік образдар, яғни антропонимдердің ұлттық танымды, мәдениетті сақтауға мүмкіндік береді, яғни ұлттық мәдениет туралы білімнің қайнар көзі болып табылады. Ақын шығармалары мен аудармаларында тұрақты тіркестерді шебер қолданатындығы және жаңа өрнектер құрылымындағы өзгерістер, яғни арасына сөздердің қосылуы ақын поэзиясының ерекшелігі екендігі мысалдар арқылы талданады.
Автор
Г. Төкенқызы, Б. К. Жумабекова, Н. З. Жуманбекова
DOI
https://doi.org/10.48081/DNUC2435
Ключевые слова
интермәтін, мәтінаралық талдау, прецедент атауы, ұлттық код
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ADVANTAGES AND DISADVANTAGES OF VIRTUAL REALITY TOOLS IN ESL CLASSROOM
Аннотация
This article presents about numerous studies in the field of teaching foreign languages indicating a direct connection between student success and the personalization of the curriculum and the level of interest in it. This is facilitated by tools that increase the plot of the lessons – storytelling, discussion of videos, cards with pictures and situations. In the course of this work, the development and testing of a new strategy for teaching English using VR is described. This technique allows to receive educational information through several channels of perception at once, stimulating cognitive synthesis and more complete participation of integrative brain structures in the learning process, which increases the student’s ability to memorize. Elements of gamification and the very fact of using gaming technology awaken and increase the interest of students. Also, the introduction of virtual reality technology makes it possible to expand the arsenal of used multimedia materials, adding interactive excursions and access to video archives around the world. The experience gained in the course of this work made it possible to start developing a full-fledged curriculum for students in combination with an application for smartphones and tablets.
Автор
A. Y. Baimakhanova, Zh. K. Ibrayeva
DOI
https://doi.org/10.48081/PRPX6515
Ключевые слова
English, teaching, methodology, virtual reality
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация
Бұл мақалада цифрлық білім беру платформасы – қашықтан білім алуға мүмкіндік беретін, әдістемелік материалдар мен ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін, сондай-ақ студенттердің білім деңгейін бақылау үшін тестілеуге мүмкіндік беретін оқу үдерісіне қатысушыларды біріктіретін ақпараттық кеңістік екендігі айтылады. Қашықтықтан оқыту білім беру жүйесін дамытудағы перспективалы бағыттардың бірі екендігі туралы сөз қозғалады. Аталмыш мақалада қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға қажетті әртүрлі сандық білім беру платформаларын пайдалану ерекшелігі туралы баяндалған. Сонымен қатар аталмыш мақалада қашықтықтан оқыту – оқытудың дәстүрлі формаларымен бірге білім беру процесінде өз орнын ала бастағандығы мен қашықтықтан оқыту компьютерлер мен компьютерлік құралдарды қолдануға негізделгендігі, олар қашықтық мәселелерін шешетіндігі және оқытушы мен студенттер арасында жедел байланыс орнататындығы және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар оқыту кезінде материалды ұсынудың әртүрлі формаларын – графика, дыбыс, анимация, бейнені пайдалануға мүмкіндік беретіндігі туралы мәлімет берілген. Білім беру платформалары оқытушыларға үшін сәтті ақпарат көзі болып табылады, оның міндеті оқу процесіне материалды таңдау және енгізу болып табылады. Бұл құралдарды оқыту процесінің әртүрлілігі, оқушылардың қызығушылығын дамыту, ағылшын тілін оқуға деген ынтаны және оқу қызметінің тиімділігін арттыру үшін пайдалану қажет.
Автор
М. Н. Нұртаза, А. Ж. Анесова
DOI
https://doi.org/10.48081/HWCX6771
Ключевые слова
қашықтықтан оқыту, білім беру платформасы, онлайн оқыту, оқыту технологиялары, ағылшын тілі
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ШЕТТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ «ДЕБАТ» ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
Мақалада ағылшын тілі сабағында интербелсенді «Дебат» технологиясын қолдану мәселесі қарастырылады. Білім беруді жаңартудың заманауи тәсілдері «Дебат» технологиясын құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді технологиясы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. «Дебат» технологиясы – бұл ағымдағы қоғамдық-саяси оқиғаларды талдау, өзекті мәселеге назар аудару, ақпаратты жинау және өңдеу, осы мәселе бойынша көзқарасын білдіру және оны қорғау, топта өзара әрекетті ұйымдастыру қабілеттеріне негізделген білім беру стратегиясы. Авторлар «Дебат» технологиясының түрлерін, форматтары мен кезеңдерін сипаттайды. Дебат кезінде мұғалімдер мен студенттерде кездесетін қиындықтарды алдын алудың тиімді жолдарын көрсетеді. «Дебат» технологиясын шеттілдік білім беруде қолданудың тиімділігі және студенттердің ағылшын тілін үйренуге деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруға тигізетін әсері сөз етіледі. Дебат студенттерде сөйлеу әрекетінің төрт түрі тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылымның дағдыларын қалыптастырады. Дебаттар студенттердің шеттілдік қарым- қатынас құзіретін қалыптастырады, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, сондай-ақ шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Авторлар ағылшын тілі сабағында дебаттарды қолдану студенттерді алдын-ала кезең-кезеңмен дайындауды қажет етеді деген қорытындыға келді.
Автор
З. А. Кемелбекова, Г. О. Сейдалиева, Д. Б. Исмаилова
DOI
https://doi.org/10.48081/EXUG3575
Ключевые слова
«Дебат» технологиясы, шетел тілін оқыту, дебат түрлері, дебат кезеңдері, коммуникативті құзыреттілік
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ЖАРНАМА ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Аннотация
Мақалада жарнама тілінің зерттелуі қарастырылған. Коммерциялық коммуникацияда жарнаманың ерекше орын алатыны белгілі. Заман ағымына байланысты онлайн не офлайн бизнесіңді өркендету үшін тұтынушылармен дұрыс коммуникацияға түсу қажет. Ұсынып отырған қызметіңді дұрыс жарнамалап, сапасын, артықшылықтарын жеткізе білуің маңызды. Осы арада тұтынушылармен коммуникацияны дұрыс орнату, тауарыңды немесе инфобизнесте өзіңді дұрыс сата білу деген мәселе туындайды. Сондықтан ғылыми мақалада қоғамдық өмірде ерекше рөл атқаратын жарнама мәтінінің түрлі аспектіде зерттелу қызметін саралау мақсаты қойылған. Бұндай мақсат өз кезегінде болашақ зерттеулердің бағыты мен өзектілігін айқындайтыны анық. Мақаланың ғылыми зерттеу нысаны ретінде жарнама тілі мен қызметі туралы жазылған зерттеулер алынған. Жарнаманың беделі оның қоғам дамуының басты қозғаушы күші болып табылатын бизнестің мүдделеріне қызмет ететіндігімен байланысты анықталады. Бизнес пен сауданың дамыған заманында өмір сүріп отырғандықтан, жарнаманың теориясы мен практикасына, экспрессивті–бейнелеу құралдары мен технологияларын зерттеуге көбірек көңіл бөліну қажет. Мақалада жарнаманың адамдардың ойлау тәсіліне әсер етіп, құндылық басымдықтарын қалыптастыратындығы, жарнаманың біртіндеп ақпараттылық белгілерін жоғалтып, прагматикалық, манипуляциялық қызмет атқаратындығы, сол арқылы санамыз бен түпсанамызға әсер ететіндігі туралы ғылыми зерттеулер сараланып, жарнама тілін не үшін зерттеу қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.
Автор
Р. О. Жуманбаева, Гүрер Гүлсевин
DOI
https://doi.org/10.48081/AXDC1708
Ключевые слова
жарнама, зерттеулер, жарнамалық коммуникация, жарнамалық мәтін, дискурс, жарнама функциясы
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚЫТУДА CLIL ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аннотация
«Білімді дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер қажет», – деп Ж. Аймауытов айтқандай кіріктіре оқытудың нәтижесінде әдіс-тәсілдердің жетілдіре түскендігін байқадық. Ағылшын тілін оқыту пәнінің арасындағы ортақ тақырыптарды ынтымақтаса оқудың тиімді әдіс-тәсілдеріне бағыт беру мақсатында сыныптың деңгейіне сай тапсырмаларды дайындалды, сабақта тірек сөздермен жұмыс жасалды, айтылым, жазылым, тыңдалым және оқылым дағдылары дамытылды, белсенді оқу әдістері қолданылды. Өзара ынтымақтастық мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасайды. Өткізілген сабақтар бойынша талдау жасалып, сәтті – сәтсіз тұстары туралы айтылды. Тілдік кіріктіріп оқыту дәстүрлі оқытудағы бас тартып басқа пән бойынша ақпарат алмасуға көмектесті. Кіріктірілген сабақ арқылы жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін меңгерді. Жоғары оқу орындарында, әсіресе техникалық мақсатты түрде ESL тілін оқыту өте қиын. Филолог мамандығын меңгерген ағылшын тілі мұғалімдері үшін кейде жаңа тілді де, жаңа пәнді де қатар оқыту қиын болып көрінеді. Бірақ ағылшын тілі мұғалімі оқу тапсырмаларымен күресуге, оқушыларды техникалық контекст лексикасымен таныстыруға дайын болуы керек. Біздің елімізде жастардың көпшілігі ағылшын тілін белсенді түрде оқиды.
Автор
А. А. Кобланова, П. А. Алтынбаева, Г. Ж. Анесова
DOI
https://doi.org/10.48081/FTLH5270
Ключевые слова
технология, кіріктірілген сабақ, дағды, мәдениет, термин.
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Т. ӘСЕМҚҰЛОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК-СТИЛЬДІК ІЗДЕНІСТЕР
Аннотация
Бұл мақалада Т. Әсемқұлов шығармашылығының көркемдік әлемі, оның қазіргі қазақ прозасындағы орны мен көркемдік құндылығы бағамдалады. Қаламгер прозасындағы тақырыптық және көркемдік ерекшеліктер, постмодернистік стильдік ізденістер нақты туындылар негізінде талданады. Қазақ прозасында өзгеше қолтаңбасымен ерекшеленетін жазушы туындыларындағы ұлттық құндылықтар мәселесі мен көркемдік және стильдік ізденістер қарастырылады. Авторлық ұстаным мен көркемдік қабылдау мәселесі, шығармаларының оқырманға әсері де назардан тыс қалмады. Сонымен қатар қаламгер прозасындағы постмодернистік таным ерекшелігі, оның детальдық және менталитеттік аражігі ажыратылып, олардың көркемдік қызметі талданады. Жазушының шығармашылық лабораториясының негізгі мәселелері мен постмодеристік тенденциялар көрінісі, оның көркемдік амалдары мен тәсілдері зередленеді. Т. Әсемқұлов прозасындағы көркемдік-стильдік айшықтар, идеялық-тақырыптық ерекшеліктер постмодернизм аясындағы көркемдік тәсілдер негізінде сараланады. Кейіпкердің ішкі жан дүниесіне ену, психологиясын талдау, образ жасаудағы тәсілдер, мистикалық бояу, жатсыну мәселесі, мифологиялық элементтер, философиялық толғаныстарға иек арту, интертекст, т.б. «Бекторының қазынасы», «Шымдан», «Талтүс» шығармалары бойынша зерделенеді. Қаламгер прозасында философиялық ой айтудың тәсіліне айналған мифтік, аңыздық желінің көркемдік қызметі айқындалып, бүгінгі күннің өзекті рухани мәселелерімен сабақтастықта қарастырылады.
Автор
Қ. Т. Жанұзақова, Б. Ғ. Қамбарова
DOI
https://doi.org/10.48081/QXHX5056
Ключевые слова
көркемдік-стильдік ізденістер, постмодернистік тенденция, проза, көркемдік әлем, мифологиялық элемент, идеялық- тақырыптық ерекшеліктер
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
LESSON STUDY: USING GROUPWORK ACTIVITY TO ENCHANCE STUDENT’S OUTPUT IN EAP CLASSES
Аннотация
This article is a product of collaborative work between three university instructors that specifically focused on developing and enhancing students’ output using groupwork in their English for Academic Purposes (EAP) classes. The experimental part of this paper was based on the method commonly known as lesson study and aimed at observing and analyzing the use of language input covered during the classes by students. To provide favorable environment for the language practice, greater time was allocated for the production part of the lesson, where students did a role play activity in groups. The experiment proved that groupwork indeed enhances student output and engages more of them. At the same time, it was revealed that providing more time for the production part does not always lead to an increase in student talking time. Low performing students’ output as well, did not necessarily improve during such activities.
Автор
A. B. Rakhimzhanova, A. A. Baizhanova, N. A. Ishmukhambetov
DOI
https://doi.org/10.48081/PSJE2430
Ключевые слова
communicative approach, lesson study, learner autonomy, groupwork
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
HOW DIFFERENTIATED INSTRUCTION THROUGH TV MATERIALS IMPROVES THE EFFECTIVENESS OF THE LESSON
Аннотация
The article discusses the problem of using a differentiated approach in teaching a foreign language to future teachers. The purpose is defined and the main methods of differentiated training are carried out. The role of digital technologies in the modern world and their use in the educational process is outlined. The use of television video materials will reveal the skills and abilities of students, as well as increase the independence of learning. The organization of differentiated education of children provides an opportunity for each student to understand the educational material. The main ways to study the individual characteristics of students are systematic observations of the student, individual and group conversations on a pre-planned topic, additional learning tasks and analysis of the student’s reasoning methods, special tasks. The main thing is the correct selection of teaching methods for students with different levels of knowledge. This approach will improve the quality of education received, and deepen students’ knowledge of the culture of a foreign language.
Автор
A. N. Rustemova
DOI
https://doi.org/10.48081/SFJC5483
Ключевые слова
differentiated training, technology, audiovisual materials, television materials, mass media
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ОБРАЗ ГОРОДА В ПОЭЗИИ П. ВАСИЛЬЕВА И О. ГРИГОРЬЕВОЙ
Аннотация
В статье рассматривается понятие «образ города». Автор анализирует поэзию павлодарских поэтов разных временных эпох – Павла Васильева и Ольги Григорьевой, которые неразрывно связаны с историей и культурным обликом Павлодара. Поэзия Павла Васильева является культурной и литературной ценностью евразийского масштаба. Ольга Григорьева является современным автором, но ее поэзия по праву входит в общекультурный фонд Павлодарского Прииртышья. Анализируя поэтические тексты, автор выявляет облик города разных эпох. Работа является продолжением научных изысканий в рамках проекта «Общекультурный ландшафт Павлодара как энциклопедическое явление»
Автор
О. К. Андрющенко
DOI
https://doi.org/10.48081/ELYJ9076
Ключевые слова
город, общекультурный ландшафт, образ города, филологическая урбанистика, литература, культура
Год
2022
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал