М. О. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ – ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС АРАСЫН ҚОСҚАН ӘДЕБИ КӨПІР
Аннотация
Мұхтар Әуезов – шығармашылық жолымен төл әдебиетімізде ғана емес, әлем әдебиетінде өзіндік сара жолын салып, классик жазушылар қатарынан ойып тұрып орын алған көрнекті тұлға. Оның көркемдік әлемі – мәдени контекстті бойына терең сіңірген, шығыс пен батысты жалғастырған әдеби әрі мәдени көпір.
Өз кезегінде Мұхтар Омарханұлы өз заманының әлеуметтік және мәдени өзгерістерін көрсететін бейнелерді шығармаларында сомдау үшін қазақ тілі мен фольклорының әдеби мол байлығын пайдаланды. Оның шығармашылығы дәстүріміздің алып қайнаркөзіне бойлатып, жаңа идеяларға ашық болуымен, кең арналы тынысымен ерекшеленеді.
Бұл мақалада Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығының жаһандық дүниетанымда шығыс пен батыс мәдениетінің синтезін, қазақ халқының бірегейлігін танытуда қосқан үлесі баяндалады.
Берілген мақала салыстырмалы әдебиеттану мен мәдениеттану саласындағы зерттеулердің кең арнасын қалыптастыруға, сондай-ақ Мұхтар Әуезовтің шығармашылығын әлемдік әдеби мұраның маңызды құрамдас бөлігі ретінде бағалауға арналған.
Мұхтар Әуезов шығармашылығын әлем классиктерінің мұрасымен қатар қойып салыстыру оқырманның дүниетанымын кеңейтіп, әдебиетіміздің көркемдік әлеміне әртүрлі мәдени призмалар арқылы қарап бағамдауға мүмкіндік береді.
Мақала қорытындысында Мұхтар Омарханұлы Әуезов шығармашылығын жаһандану жағдайында қазіргі әдебиеттану пен мәдени процестерге әсерін әрі қарай тереңрек зерттеу қажеттілігі атап өтілді.
Автор
Әділбекова Ж.Б,
Үсен А.А.
DOI
https://doi.org/10.48081/WRCQ6436
Ключевые слова
жазушы
әлем әдебиеті
салыстырмалы әдебиеттану
әдеби үндестік
рухани ықпал
Год
2025
Номер
Выпуск 3