АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ҚАРАСӨЗДЕРІНІҢ ТЕЗАУРУСТЫҚ СИПАТЫ
Аннотация
Мақалада қазақтың дана ақыны Абай Құнанбайұлының қарасөздері тіліне тезаурустық талдау жасау жолдары қарастырылады. Абай шығармалары – ізі өшпес асыл мұра, әдебиеттің негізгі константы. Оқырманның осындай асылдан үлгі алып, шығармаларынан рухани сусындауы жеке тұлға үшін ғана емес, ұлт келешегі үшін де азық болмақ. Бірақ қазіргі оқырман үшін Абай тілі ауыр болып жүргені белгілі. Ол Абай тілінің кемшілігі емес, ақын жүрегінен шыққан асыл сөзді түсіну үшін оқырман көзқарасы мен дүниетанымының кеңдігі қажеттігін айтады. Сол себепті де қарасөздердің ішкі концепциясын жете түсіну қажет. Қарасөздердің мәнін ашудың бірден-бір амалы әрбір сөзге тезаурустық талдау жасау болып табылады. Тезаурус – тілдік-лингвистикалық талдау жүйесінде ерекше маңызға ие құрылым. Тезаурустың жай сөздікке қарағанда мағынасы мен мазмұны ауқымды. Сондықтан да қарасөздердегі мәтіннің ішкі мазмұнын тезаурустық тәсіл арқылы талдау үлкен мәнге ие. Тезаурустық талдау аспектісі, ең алдымен, мәтіннің квинтэссенциялық мағынасын ашып көрсетуге негізделеді. Сөздіктің басқа түрлерінде сөздер әліпби реті бойынша тізбектелсе, тезаурустық сөздіктерде сөздер мағынасы бойынша топтастырылады. Бұл тұста қарасөздерде кездесетін сөздердің тек лексикалық мағынасын беріп қоймай, оның атрибуты мен гипернимдік сипатын ашып көрсету көзделіп отыр.
Мақала АР14869894 «Абай қарасөздерінің тезаурусы» ғылыми жобасы аясында әзірленді.
Автор
А. А. Касымова
К. Т. Тулебаева
Б. М. Кадырова
DOI
https://doi.org/10.48081/QHQV2545
Ключевые слова
Абай
қарасөз
тезаурус
лексикалықмғына
сөз мағынасы
тезаурустық талдау
Год
2023
Номер
Выпуск 2