ӘЙЕЛДЕР КИІМІ МЕН СӘНІ ЛЕКСИКАСЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ НЕГІЗДЕРІ
Аннотация
Аннотация. Мақалада тіл біліміндегі ұлттық киім және сәндік бұйымдар лексикасының зерттелуі қарастырылады. Жалпы әр халықтың ұлттық киімдері сол халықтың рухани өмірінің әртүрлі салаларымен, соның ішінде эстетикалық және діни-магиялық идеялармен байланысты болып келетіндігі жайлы баяндалады. Халық киімі мен сәндік бұйымдарынан халықтың тұрмыс-тіршілігі, оның әлеуметтік құрылымы, әрбір этноәлеуметтік топтың өмір сүру жағдайлары көрініс табуымен қатар, әр түрлі халықтың – көршілес халықпен сан алуан өзара байланыстары мен өзара ықпалының әсерінен де өзгеретіндігі байқалады.
Мақалада сән ұғымына байланысты терминдер қарастырылады. Киім атаулары мен сән ұғымына қатысты терминдер қазақтың байырғы сөзінен жасалған, арнайы бектілгеннен бері белсенді қолданыста екендігі айқындалады. Қазіргі қазақ тілінде сән үлгілеріне байланысты лексемалардың біршамасы басқа тілден енгендігі анықталды.
Автор
Саликжанова Шынар Байроновна
DOI
https://doi.org/10.48081/MOVG7201
Ключевые слова
лексика
этнолингвистика
этнонимдер
этимология
кірме сөз
зергерлік бұйымдар лексикасы
Год
2024
Номер
Выпуск 1