Вестник ToU
Филологическая серия
search Найти
ДУМАН РАМАЗАН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ
Аннотация
Бұл мақалада қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар жазушы Д.Рамазан шығармаларының тақырыптық, көркемдік ерекшеліктері, қаламгер туындыларындағы психологизмнің бейнелеу құралдары, постмодернистік сарын, т.б. теориялық мәселелер қарастырылады. Жазушы Думан Рамазан XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындағы әдеби үдеріс аясында өз қолтаңбасымен ерекшеленіп, прозада адам жанының тұңғиық тереңінде болып жатқан алуан психологиялық өзгерістерді шебер бейнелейді. Қазіргі әдебиетте жиі көрініс беретін постмодернизмнің дәстүрлі баяндау тәсілдерін қолданбай, сананың сырлы иірімдеріне, адам психологиясына құлаш ұра отырып қалам тербейді. Жазушы әңгімелерінен кейіпкерлердің психологиясын суреттеуде прозамен қатар қалам тартып, қыры мен сырын меңгерген сахналық драмаға тән жанрлық сипаттарды аңғарамыз. Қаламгер адамзат тарихында шешімін таппай келе жатқан қомақты пәлсапалық тақырыптарды, ірі тұлғалардың тағдыр-талайын қайта парақтау арқылы пайымдауға тырысады. Осындай адамзат, ұлт тарихындағы айтулы оқиғалардың түп-тамырын терең зерттеп, тұлғалар танымын тарихи драма деңгейінде саралайтын туындылар қатарында «Алланың әмірі», «Ажал келген күн», «Құса» атты әңгімелері мен «Кенесары-Күнімжан», «Абылай ханның арманы», «Керей-Жәнібек» драмаларын атауға болады. Мақалада Думан Рамазанның «Жын», «Құса», «Көкжал», «Күйік», «Жылап аққан тамшылар» әңгімелері мен «Кенесары-Күнімжан» драмалық туындысындағы кейіпкердің ішкі жан әлемін бейнелеудегі психологиялық тәсілдер, философиялық ой-тұжырымдар мен тілдік-стильдік ерекшеліктері талданады. Мақалада Думан Рамазан прозасындағы постмодернистік белгілер мен психологизм элементтері көрініс тапқан тұстар зерттеліп, өзара байланыста қарастырыла отырып, жазушының көркемдік әлемі сараланады. Әлеумет тіршілігінің қия-қалтарысындағы адамның рухани құлдырау және өрлеу жолдарын арқау еткен әрқилы сипаттағы әңгімелерінде бүгінгі ұлттың шынайы бет-бейнесі сомдалған. Жатбауыр ұрпақ, рухани азғындаған қандықол қылмыскерлер психологиясын суреттеу арқылы жазушы тұлғалық рухани күйреудің себеп-салдарын ашуға ұмтылады.
Автор
Қ. Т. Жанұзақова
А. А. Көшекова
М. Қ. Ахетов
DOI
10.48081/ZIQT5008
Ключевые слова
психологизм
постмодернизм
проза
ішкі монолог
сана
көркемдік әлем
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ТҮРІК, ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ, ҺӘМ ХАНДАР ШЕЖІРЕСІНДЕГІ» ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТЕЗАУРУСЫ
Аннотация
Мақалада Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» шығармасы талдау нысаны ретінде алынған. Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» еңбегінің зерттелуіне шолу жасалады. Сонымен қатар мақалада тезаурус ұғымына анықтама беріледі. Тезаурус тек образды сөздердің мағыналары мен мазмұны ғана емес, бұл ең алдымен тілдегі сөздері мен өрнектері екендігі айтылады. Тезаурус тіл үйрену үшін ғана қажет емес, тезаурустық зерттеулер адамның тіл арқылы сыртқы ақпараттық кеңістікке қалай шығатынын түсіну мүмкіндігі екендігі, тілді игеру барысында қалыптасатын әлемнің тілдік бейнесі белгілі бір адамнан тыс сөздер түріндегі тезаурустың нәтижесі екендігі талдау барысында айқындалады. Шәкәрім мұрасы кеңінен қарастырылып жатса да, әлі де зерттелмеген аспектілері бар екендігі айтылады, ғалым шежіресіндегі жер-су атаулары және оған қатысты аңыздар талданады. Мақалада әдебиеттану және тіл саласындағы бұрыннан қалыптасқан білім саласына «жаңа парадигма» ретінде әрекет ететін және қарқынды дамып келе жатқан тезаурустық тәсілді қолдана отырып, Шәкәрімнің еңбегінде кездесетін жер-су атауларына талдау, тезаурустық талдау жасалған. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ, һәм хандар шежіресі» еңбегіндегі жер-су атауларына тезаурустық талдау еліміздің жер-су атауларының этимологиясын білу, атаулардың қойылу себептерін анықтау арқылы еліміздің тұрмыс тірішілігін, салт-дәстүрі мен ұлттық танымын білуге мүмкіндік береді
Автор
Абикенова Л.
DOI
10.48081/HNHS1672
Ключевые слова
тезаурус
шежіре
әдебиет
тарих
топонимика
этимология
терминология
мифология
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
САН ЕСІМДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР: КИЕЛІ САНДАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СЕМАНТИКАСЫ
Аннотация
Бұл мақалада қазақ тіліндегі киелі сандардың фразеологиялық тіркестердегі мағынасы мен қолданылуы зерттелген. Қазақ халқының дүниетанымында, салт-дәстүрлерінде және наным-сенімдерінде сандар ерекше орын алады. Мақалада «бір», «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандарының фразеологиялық тіркестерде қолданылуы және олардың символикалық мәні талданады. Әсіресе, киелі сандардың этнографиялық, мәдени және діни аспектілері кеңінен қарастырылған. Зерттеуде әр санның тілдік, мәдени және философиялық мәндері айқындалып, олардың әртүрлі фразеологизмдердегі көріністері талданады. Қазақ тіліндегі тұрақты тіркестердің қалыптасуына тарихи, әлеуметтік және мәдени жағдайлар әсер еткенін көрсететін бұл зерттеу сан есімдердің ұлттық мәдениет пен дүниетаныммен байланысты терең мағыналарын ашады. Сонымен қатар, мақаланың нәтижелері қазақ тіл білімінде сан есімдер мен фразеологизмдер саласында жаңа зерттеу бағыттарын ұсынуға мүмкіндік береді. Қазақ тіл білімінде тұрақты тіркестер ерекше орын алады. Фразеологизмдер лексикалық, этимологиялық, морфологиялық, синтаксистік, стилистикалық және когнитивтік тұрғыдан зерттелуде. Алайда бұл салада әлі де көптеген зерттеу жұмыстарын қажет ететін мәселелер бар, соның ішінде сан есімдердің тұрақты тіркестер құрамындағы мағыналық, стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктерін анықтау. Тақырыбымыздың өзектілігі де осы зерттеу жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүргізудің қажеттілігін көрсетеді. Сан есімді тұрақты тіркестердің құрылымы мен мағынасын анықтап, оларды этимологиялық тұрғыдан талдау арқылы қазақ тіліндегі фразеологиялық жүйені тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Автор
Ж.Нұрсұлтанқызы, Г.Снасапова, А.Байдаулетова
DOI
10.48081/KTCC2255
Ключевые слова
тұрақты тіркес, киелі сандар, этимология, дүниетаным, болмыс, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық-мәдени ерекшелік.
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
CӨЙЛЕУ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТТАМАСЫ
Аннотация
Мақалада гендерлік лингвистика саласындағы ерлер мен әйелдердің сөйлеу мәнеріндегі айырмашылықтарды лингвистикалық тұрғыдан зерттеу әрекеті жасалды. Гендерлік зерттеулер ауызекі сөйлеу тілін жүйелі зерттеудің толықтыруы әрі заңды жалғасы. Өйткені олар сөйлеу тілінің барлық деңгейлерін (грамматикалық және фонетикалық деңгейлерін) қамтиды. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас саласы (отбасы, достар ортасында) үшін де, көпшілік алдында сөйлесу үшін де, сөздік коммуникацияның тиімділігіне қол жеткізу өзекті мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. Отандық лингвисттер ер‑жыныс ерекшеліктерін 1990‑жылдардан зерттеп, бүгінгі таңда психо‑, этно‑ және социолингвистикалық аспектілерін кешенді түрде қарастыру қажеттігін атап көрсетеді. Зерттеу мақаласында гендер ұғымының философиялық, тарихи және мәдени негіздерін шолып, гендерлік сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторларды зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне тоқталды. Зерттеу жұмысының эмпирикалық базасы ретінде қазақ тіліндегі ер мен әйел қатысқан подкаст эпизодтары таңдалып, транскрипциялау әдісі арқылы мәтінге түсірілді және оларға грамматикалық және фонетикалық жүргізілді. Ер мен әйел сөйлеуіндегі айырмашылықтар контрастивті әдіс арқылы салыстырмалы кестелер жүйеленді және гендерлік сөйлеудің әлеуметтік рөлі, мәдени контекспен байланысы мен тілдік тұлғаға әсері көрсетіліді.
Автор
А.К. Касенова
Г.К. Исмагулова
М.С. Кулахметова
Б. К. Жанжаксинова
DOI
10.48081/MCFO5801
Ключевые слова
гендерология
сөйлеу мәнері
гендерлік айырмашылықтар
маскулиндік дискурс
сөйлеу стилі
мәдени ерекшелік
коммуникация стилі
грамматикалық талдау
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ТІЛДІК РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҮРДІСТЕР
Аннотация
Бұл мақалада қазіргі жастар сөйлеу тілінде орын алып жатқан тілдік репертуардың кеңеюі мен сәйкестілік трансформациясы лингвистикалық, социолингвистикалық және прагматикалық аспектілерде сипатталады. Жаһандану, урбанизация және цифрлық коммуникация үдерістері нәтижесінде жастар дискурсында бірден бірнеше тілдік жүйелердің өзара ықпалдасуы күшейіп, тілдік шекаралар бұлдырап, жаңа гибридтік құрылымдар қалыптасып отыр. Мақаланың негізгі мақсаты ретінде респонденттердің тілдік репертуары мен сәйкестілік модельдерін айқындау, олардың код-ауысу, транслингвистикалық бейімделу және прагматикалық стратегияларын анықтап Жастардың сөйлеу тіліндегі көптілділік көріністері мен олардың тілдік сәйкестілікпен байланысын сипаттау. Зерттеу барысында сапалық әдіснамаларға (qualitative approach) сүйене отырып, үш эмпирикалық әдіс қолданылды: құрылымдалған тереңдетілген сұхбат, табиғи дискурсты жинау және қатысушы бақылау. Эмпирикалық материал ретінде жастардың сөйлеу үлгілері мен әлеуметтік желідегі коммуникациясы пайдаланылды, нәтижесінде респонденттердің сөйлеу тілінде код-ауысудың түрлі формалары, калькаланған құрылымдар, кірме сөздер мен сленг арқылы жүзеге асатын прагматикалық бейімделу жағдайлары анықталды. Жастардың тілдік репертуары мен ондаға қалыптасып жатқан негізгі тілдік үрдістер сипатталды.
Автор
А.М. Досанова
Қ.С. Алдашева
А.Б. Жанибекова
А. Бурангалиева
DOI
10.48081/RYBO5109
Ключевые слова
тілдік репертуар
код-ауысу
сәйкестілік трансформациясы
translanguaging
көптілділік
тілдік үрдіс
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы антропонимдердің тарихи-этимологиялық сипаты
Аннотация
Мақалада Ілияс Жансүгіровтің өлеңдері мен поэмаларында кездесетін антропонимдік атаулар жинақталып, олардың көркем шығармадағы рөлі мен тарихи-этимологиялық шығу төркіні, уәжділігі мен семантикалық қабаттары жан-жақты қарастырылды. Әрбір есімнің мағыналық негізі, мәдени-тарихи арқауы зерттеліп, ұлттық тілдік санадағы орны сипатталды. Ақын қолданған кісі есімдері халқымыздың дүниетанымымен, салт-дәстүрімен, этнографиялық болмысымен тығыз байланысты екендігі талданды. Кісі есімдері мазмұндық тұрғыдан бірнеше бағыт бойынша қарастырылды: түрлі наным-сенімдерден туындаған есімдер; тіл-көз бен түрлі жамандықтан қорғау мақсатында қойылған кісі аттары; үзақ ғұмыр мен бақ-береке тілеуге байланысты қойылған есімдер; төрт түлік мал, жабайы аңдар мен құстарға байланысты антропонимдер; асыл металдар мен қымбат зат атауларынан туындаған есімдер; әлеуметтік топтар мен этникалық құрамды бейнелейтін ру атауларынан өрбіген антропонимдер. Мұндай жіктеу ақын шығармаларындағы антропонимдердің тек тілдік емес, сонымен қатар мәдени, тарихи және дүниетанымдық қырларын ашуға мол мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижесінде І.Жансүгіровтің поэзиясындағы антропонимдер қазақ халқының дүниетанымы мен әлеуметтік-мәдени тәжірибесінің айнасы екендігі айқындалды. Ақын пайдаланған есімдер арқылы ұлттық тарих, этнолингвистикалық таным және рухани құндылықтар көрініс табатыны дәлелденді. Осы орайда, Ілияс Жансүгіров поэзиясындағы антропонимдер қазақ ономастикасының көркемдік өрісін кеңейтіп, ұлттық мәдениет пен рухани мұраның байланысы мен сабақтастығын айқын танытатын құнды тілдік-мәдени дерек көзі екені танылды.
Автор
Мырзабек Нүрила Жұманқызы
Кыяхметова Шара Асетовна
Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна
DOI
10.48081/LRSO1014
Ключевые слова
антропоним
ономастика
этимология
кісі есімдері
ұлттық дүниетаным
этнолингвистика
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЫНДАҒЫ ТРИКСТЕР БЕЙНЕСІ
Аннотация
Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі трикестер архетипі зерттеледі. Бұл архетип феномені әлі күнге дейін әдебиеттану ғылымында өзекті болып отыр. Трикстер архетипінің мағынасы, түрлері, әдебиеттегі көрінісі сөз болады. Трикстердің кім екендігі, оның негізгі сипаттамалары анықталады. Зерттеу жүргізу барысында трикстердің теориялық аспектілерін зерделеуде шетел және қазақ архетип зерттеуші ғалымдарының К. Юнг, П. Радин, Д. Гаврилов, М. Бахтин, Е. Корнилова, А. Кузнецов, Қ. Оразқұлова, М. Оразбек, С. Қондыбай, А. Тайшанұлы т.б. пікірлері басшылыққа алынды. Трикстер архетип ретінде ең маңызды бейнелердің бірі болып табылады. Барлық халықтардың фольклорында, әдебиетінде бар және мәдениеттің барлық кезеңдеріне қатысып, ұжымдық сипат береді. Трикестер дегеніміз («trickster» ағылшын сөзі - айлакер, құйтырқы т.б.) – мағынасында қолданылады. Қоғамға, жалпыға ортақ заңға қарама-қарсы келетін іс-әрекеттер жасайтын, мифологиядағы, фольклордағы және көркем әдебиеттегі бейне немесе антропомортфты жануарлар. Трикстер көркем шығармаларда басты кейіпкердің жанындағы жанама кейіпкер де болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жыры негізге алынды. Зерттеудің мақсаты – психоанализ әдісі арқылы қазақ халықының лиро-эпостық жырына талдау жасалынып, трикстердің көркемдік қызметі қарастырылды. Лиро-эпостық жырлардағы Қарабай, Қодар трикстер бейнесі мысалдар арқылы талданады. Лиро-эпсотық жырлардағы айлакерлердің ерекшеліктерін жеткілікті толық сипаттамасының болмауы осы мақаланың өзектілігін анықтайды. Сондықтан зерттеуге өзек болған трикстер тек өткеннің ғана емес қазіргі мәдени құндылықтар мен әлеуметтік мәселелерді зерттеуге көмектеседі.
Автор
А.М.Тлеужанова
DOI
10.48081/QUGK6359
Ключевые слова
архетип, трикстер, бейне, фольклор, лиро-эпос, көркем әдебиет.
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚАЗАҚСТАН» КОНЦЕПТІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ПРЕЦЕДЕНТТІ ЕСІМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ӘЛЕУЕТІ (2024-2025 жж. БАҚ материалдары негізінде)
Аннотация
Мақалада «Қазақстан» концептісін қалыптастыратын прецедентті есімдердің танымдық әлеуеті зерттеледі. Прецедентті есімдер – белгілі бір эталондық қасиеттерді бейнелейтін, ұлттық және жаһандық деңгейде танымал тұлғалардың есімдері. Мақаланың басты мақсаты – Қазақстандық БАҚ мәтіндеріндегі Қазақстан концептісін қалыптастыратын «прецедентті есімдердің» танымдық әлеуетін сипаттап, тілдік тұрғыдан талдау. Зерттеу нысаны ретінде 2024-2025 жж. қазақстандық БАҚ мәтіндерінде кездесетін прецедентті есімдердің семантикалық, прагматикалық және когнитивтік ерекшеліктері қарастырылады. Мақалада прецедентті есімдердің когнитивтік және ассоциативтік әлеуеті, олардың ұлттық және халықаралық деңгейдегі рөлі нақтыланды. Зерттеу нәтижесінде «Қазақстан» концептісін қалыптастыратын негізгі прецедентті есімдер анықталды: Қасым-Жомарт Тоқаев, Димаш Құдайберген және басқалар. Сонымен қатар, жағымсыз оқиғалармен байланысты прецедентті есімдер де талданды. Прецедентті есімдердің қазіргі тұрғыдан танымдық әлеуетін анықтау үшін, арнайы эксперимент жүргізілді. Татарстан жастары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері «Қазақстан» концептісінің танымдық бейнесін айқындауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, прецедентті есімдер ұлттық мәдениеттің, тарихи оқиғалардың және әлеуметтік құндылықтардың символы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл мақала прецедентті есімдердің танымдық әлеуетін зерттеуге арналған және олардың Қазақстанның ұлттық және халықаралық деңгейдегі беделін арттырудағы рөлін көрсетеді.
Автор
А. Е. Баербекова
Ж. Д. Рапишева
Ж. У. Есинбаева
А. Н. Бекмашева
С.А. Кенжегалиев
DOI
10.48081/UHGW7385
Ключевые слова
прецедентті есімдер, Қазақстан концептісі, танымдық әлеует, ұлттық код, мәдениет, саясат, ассоциативтік қабылдау, эксперимент
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Қ.МЫРЗА ӘЛИДІҢ «ИІРІМ» ЭССЕ КІТАБЫНДАҒЫ ӘДЕБИ РЕМИНИСЦЕНЦИЯЛАР
Аннотация
Бұл мақалада ақын, жазушы Қ. Мырза Әлидің «Иірім» эссе кітабындағы эсселердің жанрлық ерекшелігін, әдеби реминисценцияларды зерттеуге бағытталған. Ақынның жалпы шығармашылығы жайлы зерттеулер көп болғанмен эсселері туралы зерттеу мақалаларының жоқтығы мақаланың өзектілігін көрсетеді. Дәйексөздер, аллюзиялар мен реминисценцияларды қолдану эсселердің деректілік негізін күшейтіп, кейіпкердің мінезін ашудың бір құралына айналады. Интермәтін көмегімен Қ. Мырза Әли оқиға желісімен қатар, өз кейіпкерлерінің шығармашылығына түсініктеме береді, оларды белгілі бір мәдени парадигмаға енгізеді. Нәтижесінде эсседегі белгілі тұлғалар туралы түрлі интерпретацияларға жол ашылады. Бұл мақаланың ғылыми жаңалығы Қ. Мырза Әлидің «Иірім» эссе кітабындағы әдеби реминисценцияларға жан-жақты талдау жасауында. Бұл жұмыстағы негізгі мақсатымыз – жазушы Қ. Мырза Әлидің «Иірім» эссе кітабындағы әдеби реминисценциялардың ерекшелігін айқындау. Жұмыстағы зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетін оқытуға арналған оқу құралдары мен оқулықтарды жазу барысында пайдалануға болатындығы мақаланың практикалық маңыздылығын көрсетеді. Мақаланы жазу барысында тарихи-әдеби, салыстырмалы әдістер қолданылады. Бұл мақала әдебиет тарихында эсселердің жанрлық ерекшелігін анықтауға, эсселердегі реминисценциялардың көркемдігін анықтауға үлес қосады.
Автор
Сұлтанова Б.М.
DOI
10.48081/YPQA1572
Ключевые слова
Қ. Мырза Әли, эссе, реминисценция, ретроспективтілік, әдебиет, тақырып, идея, баяндау.
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
INTERTEXTUALITY IN KAZAKH POSTMODERN DISCOURSE
Аннотация
Kazakh writers of postmodern period continued the established traditions of writing literary texts and stories. However, the traditional national writing style was supplemented and reflected by various literary styles from Western literature which brought some changes in postmodern discourse. The article deals with postmodern discourse of Kazakh literature on the basis of one of the distinguished Kazakh novelists - Askar Altay. The author’s productive individual style and readers’ receptive aesthetics are disclosed through the analysis of intertextual semantics in understanding the internal motives of the novelist. The purpose of the research is to determine the intertextual strategies of postmodern discourse through the authors’ intentions and reflection to the readers through a combination of literary mechanisms. The postmodern communication strategies between author and readers were revealed based on the discourse interconnections in the literary text. Based on the contetxtual analysis of the novels by Askar Altay, the problems of new writing style and literary description of postmodern discourse, the research is focused on the main features of the narrative intertextual structure and national identity of postmodern discourse. The research represents the strategy of intertextual functions in the way of the author’s interaction encoding intertextual semantics in literary discourse to influence on the readers and to predict the readers’ reception of intertextual intentions.
Автор
B. Abdigaziuly
DOI
10.48081/PGKF9382
Ключевые слова
literary text
Askar Altay
intertextuality
postmodern discourse
character image.
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал