ҚАЗАҚ САЯСАТКЕРЛЕРІ СӨЙЛЕУ ПОРТРЕТІНІҢ ПРАГМАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация
Мақалада сөйлеу портретіне, прагмалингвистика ұғымдарына
қатысты зерттеулерге шолу жасалып, қазіргі қазақ саясаткерлерінің
сөйлеу портретінің прагмалингвистикалық аспектілері қарастырылды.
Олардың сөйлеген сөздеріне, пікірлеріне, сұхбаттарына сөйлеу
портретінің прагмалингвистикалық әлеуеті тұрғысынан кішігірім
талдаулар жасалды. Қазақ саясаткерлері сөйлеу портретін
қарастыруда функционалды және жасырын прагмалингвистика
ұғымдары мен талдау тәсілдері қолданылды. Прагматиканың
дәстүрлі мәселесі – сөйлеу актілеріне, тыңдаушыға әсер етудің
белгілі бір ниеттері мен стратегияларын өзектеудегі сөйлеушінің
басымдықтарына назар аударылды. Прагматикалық мән теориясы
мен айтылымдардың астарлы мағыналары, сөйлеушінің ниеті мен
айтқан сөзі арасындағы мағына өзгеше болу мүмкіндігі, айтылымдар
мағынасына кірмеген жайттарды, айтылған сөздің астарлы мәнін
ой-тұжырымдап шығарып алу мүмкіндігі, мағыналық ой-тұжырым
– импликатура, прагмалингвистиканың өзегін құрайтын сөйлеу
актілерінің теориясына қатысты мәселелер сөз болды. Жасырын және
функционалды прагмалингвистика ұғымдарының анықтамалары
зерделеніп, жасырын прагмалингвистика тұрғысынан қазақ
саясаткерлерінің сөйлеу портретін сипаттауға ұмтылыс жасалды.
Сөйлеу актісінде бейсаналық, автоматты түрде таңдалған, бұрыннан
қалыптасқан сөйлеу әдеттеріне байланысты сөйлеу қылықтарының
жиынтығы, тілдік бірліктерінің грамматикалық және лексикалық
мағыналары қосымша реңк жүктейтіндігі анықталды.
Автор
К. Е. Кожахметова, Б. М. Кадырова, Б. Р. Кожахметова
DOI
https://doi.org/10.48081/XKPQ1791
Ключевые слова
сөйлеу портреті, прагмалингвистикалық аспектілер, қазақ саясаткерлері, сөйлеу актілері, функционалды және жасырын прагмалингвистика, импликатура, талдау
Год
2021
Номер
Выпуск 2