ФОНЕТИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СӨЗЖАСАМ ТӘСІЛІН СӨЗЖАСАМДЫҚ ҚАТЫНАСҚА САЙ ПАЙЫМДАУ
Аннотация
Бұл мақалада қазіргі қазақ тілінің сөзжасамындағы дәстүрлі емес фонетика-семантикалық тәсілді сөзжасамдық қатынасқа сай пайымдау мәселесі ұсынылған. Мақалада осы уақытқа дейін сөзжасамның дәстүрлі емес тәсілі ретінде қарастырылып жүрген фонетика-семантикалық тәсілді дәстүрлі тәсіл деп танудың тілдік деректері, теориялық тұжырымдар келтірілген. Қазақ тілінің қалыптасу, даму барысындағы тарихи сөзжасам үдерісінің негізінде жатқан көптеген фонетикалық, фонологиялық, фономорфологиялық, “ішкі флексия”, дыбыстық трансформациялар сияқты құбылыстардың сөзжасамдық аспектісі қарастырылған. Тілші ғалымдардың еңбектеріндегі тілдік деректерге сүйене отырып, мысалдар негізінде автор өз тұжырымын жасаған. Тілдің сөздік қорының фонетикалық тәсілдер арқылы толығуы тек қазақ тілінде емес, түркі тілдерінде де, көптеген тілдерде кездеседі. Бұл тәсіл әсіресе флективті тілдерде өте өнімді қолданылады. Қазақ тіл білімінде өте өнімді тәсіл деп есептелмегенімен, фонетика-семантикалық тәсілмен жасалған сөздер аз емес. Бұл – түркі тілдерінде де, қазақ тілінде де көнеден келе жатқан тәсілдердің бірі. Сөздік қорымызда тас-тес, азу-езу, ашық-есік, аса-есе, қары-кәрі, қал-кел, ақ-әк, құшу-қысу, бақ-бау, ауа-әуе т.с.с. көптеген мағыналары да, дыбысталуы да біріне-бірі жуық сөздердің болуы, қолданылуы аталмыш тәсілдің көне, өнімді екенін дәлелдейді.
Автор
С.С. Шокабаева
DOI
https://doi.org/10.48081/GNDX9262
Ключевые слова
Кілтті сөздер: фонетика-семантикалық тәсіл, фонология, фономорфология, сөзжасамдық қалып, дыбыстық трансформация.
Год
2024
Номер
Выпуск 4