Вестник ToU
Филологическая серия
search Найти
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ «ӨЛІМ» КОНЦЕПТІСІ
Аннотация
Бұл мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдеріндегі «өлім» концептісіне талдау жасалды. Концептілік өріс құрайтын макроконцептілер мен микроконцептілер негізінде олардың танымдық мәні, этнолингвистикалық уәждері анықталды. Шәкәрім өлеңдерінде кездесетін «өлім» концептісінің мағыналық сипаты оппозициялық қатынаста беріліп, метафоралар арқылы айшықтала түседі. Ақын тұжырымында «өлім» концептісінің мәні – адамның тіршілігін тоқтатып, өмірін үзгенімен, нағыз рухани өмірдің бастауы, «тіршіліктен оянып, көзін анық ашатын» сәт, даналық деңгейі. Мақалада «Өлім» концептісінің зерттелуі мен когнитивтік сипаты талданады. Мағыналық-ақпараттық өрісі мен ақын поэзиясындағы қолданылу ерекшелігі, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер арқылы берілуі сөз болады. Сонымен бірге «өлім» концептісі аясында қолданылатын ауыспалы мағынадағы «ар-ұят», «уағда бұзу» секілді концептілер де талданады. Шәкәрім өлеңдері негізінде ұлт танымдағы өлім туралы философиялық ойлар жүйеленіп, танымдық тұрғыдан зерделенеді.
Автор
Аманбекқызы Ж.
Сыздықова Г.О.
DOI
10.48081/VJGV4500
Ключевые слова
концептілік өріс, метафора, мәдени жад, эмоция, символ.
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ШОЛПАННЫҢ КҮНӘСІ» –ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІМЕН ҮНДЕСТІРЕТІН ШЫҒАРМА
Аннотация
Осы мақалада көрнекті қазақ жазушысы Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» атты әңгімесінің көркемдік әлемі талданып, мәтінді құрудың негізгі принциптері, әңгіме поэтикасының психологиялық аспектілері, шығармадағы әйел бейнесінің (Шолпанның) ұлттық мінездері мен тал бойындағы табиғи сұраныстармен арпалыс жолындағы жан күйзелістері сараланады. Шығарма авторының дүниетанымына әсер еткен тарихи-әлеуметтік факторлардың жазушының шығармашылық шеберлігімен тығыз байланыста қарастырылады. Мақалада жазушының кейіпкерлердің психологиялық толғаныстары мен көңіл-күй әуендерін берудегі жаңашыл қолтаңбасы, Шолпанның туа біткен табиғаты, дәстүрлі тәрбиеден алған әдеп-ибасы, жас әйелге тән күрделі психологиялық ахуалы, оны жазушының кейіптеу ерекшеліктері зерттеледі. Шығарманың басты кейіпкерлерінің (Шолпан мен оның күйеуінің) «күнә» концепті жөніндегі түсініктері. «Күнә» концептінің сол дәуірдегі қазақ қоғамындағы түсінік аясы және оның бүгінгі қоғам үшін де өзекті проблема екендігіне назар аударылады. Мағжан Жұмабаевтың шағын әңгімесіндегі басты кейіпкердің әлемдік әдебиет туындыларындағы тағдырлас басқа әйел кейіпкерлерінен болмысы мен мінезі тұрғысынан өзгеше екені салыстыру барысында анықталады. Қаламгердің әйел психологиясын бейнелеуіндегі суреткерлік қолтаңбасы ашып көрсетіледі. Жазушының дәстүрлі қазақ қоғамындағы «күнә» концептін кейіпкерлер тағдырымен астастыра отырып ашудағы жаңашыл қадамы мен көркемдік шешімі сараланады. ХХ ғасырдың басында Қазақ әдебиетінде Мағжан Жұмабаев сомдаған Шолпан бейнесі ұлттық ерекшелігімен ғана емес, жалпы адамзаттық мәселені көтеруімен де құнды. Бұл – бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған аса маңызды тақырып. Тақырыпты зерттеу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама және семантикалық, сапалық, талдау-жинақтау, салыстыру әдістері қолданылады.
Автор
Д.М. Ишанова1, К.І. Матыжанов2, С.Қ. Тәшімбай
DOI
10.48081/GDCJ3043
Ключевые слова
әйел психологиясы, әйел бейнесі, қазақ әдебиеті, драма, психологиялық шығарма, жан әлемі, ұлттық мінез
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНДЕГІ ЕСІМШЕ, КӨСЕМШЕ ЖАЛҒАНҒАН ЕТІСТІКТЕРДІҢ ФОНО-МОРФО-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Аннотация
Мақалада Ясауи хикметтеріндегі есімше мен көсемше қосымшалары жалғанғаннан кейінгі етістіктердің фонетикалық өзгерісі, морфологиялық ерекшеліктері, соған сәйкес мағыналары диахрондық тұрғыда қарастырылады. Орта ғасыр ескерткіштерінің ішінде сопылық жанрда жазылған «Диуани Хикметтің» етістіктері сол кезеңдегі етістіктердің дыбыстық, құрылымдық, мағыналық қолданыстарын көрсетеді. Жалғанған есімше, көсемше жұрнақтары қимылдың әртүрлі сипатын, амал-тәсілдерін, мақсаттарын білдірумен қатар, есімше жұрнақтары жалғанған етістіктер есімнің қызметтерін де атқаратындығы көрсетілді. Ясауи өмірі мен хикметтері, дүниетанымы, өмір туралы философиясы – адамзат баласымен бірге жасасатын, ескірмейтін тақырып. Себебі адамзаттың өз заманына лайықты дүниетанымы мен ұғым-түсініктері Ясауи хикметтерін жаңаша, заманына сай түсінуге алып келеді де, өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан да бұл тақырыптың әлемдік ғылымда зерттелуі тоқтамайтынын әдебиеттерге шолу көрсетіп отыр. Ясауи хикметтерінде есімшенің барлық түрлері кездеспеді. Тек қазіргі -атын, -етін, - йтін тұлғаларының орнына есімшенің өзге нұсқалары қолданылғаны байқалады. Сонымен қатар есімше жалғанып есімденген сөздер есім сөздердің орнына жұмсалып, қызметінің түрленгенін көруге болады. Демек, есімше жұрнақтары жалғанып, морфологиялық тұлғалары өгеріске түскен етістіктердің мағынасы затсымақтанып, заттану процестері жүргені мақалада мысалдар арқылы көрсетілді. Есімшелі етістіктер сөйлем ішінде сөйлем мүшелерінің барлық қызметтерін атқарса, көсемше жалғанған етістіктер пысықтауыш және баяндауыш қызметтерін атқара алатындығы байқалды.
Автор
Ж.Т. Көпбаева
Ғ.Б.Шойбекова
Г.Қ.Абдирасилова
Г.У. Анартаева
DOI
10.48081/ILUG7660
Ключевые слова
есімше
көсемше
етістік
Ясауи хикметтері,
семантика
фоно-морфо-семантика
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
БҮРКІТ ЫСҚАҚҰЛЫ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЛАГЕРЬ ТАҚЫРЫБЫ
Аннотация
Аталмыш мақала қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, ғалым, ұлт мүддесін ойлаған қоғам қайраткері, Алаш идеясын жалғастырушы, «Есеп» (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясының негізін қалаушысы, Б.Ысқақұлының, абақтыда отырған өлеңдерін зерттеуге бағытталған. Б.Ысқұлының еңбектеріне сүйене отырып, түрме шығармашылығы, түрмеде жазылған туындылардың концептілік мағынасы, мәні, оның жүйесі, дүниетанымы талданады. Зерттеу барысында түрме тақырыбындағы өлеңдердің өзіндік ерекшеліктері, ұлттық рух пен сенім көрінстері, философиялық сарынның ерекшеліктері айқындалады. Ұлттық әдебиеттануда түрме шығармашылығы циклы, түрме поэтикасы туралы пайымдаулар кеңінен қарастырылса, қазақ әдебиеттану ғылымында бұл мәселе әлі де қолға алына қоймаған тақырыптардың бірі. Әдебиеттанушы ғалым Серік Негимов атап өткендей, Б.Ысқақовтың өлеңдері арқылы біз ақынның өршіл рухын, арман-мақсатын, сыр-сезімін, пейіл-көңілін, ел мен жерге деген ілтипатын көреміз. Бұл мақалада «Б.Ысқақовтың әдеби және ғылыми мұрасы» докторлық диссертация шеңберіндегі әдебиеттанушы ғалым, ақын Бүркіт Ысқақұлының абақтыда отырып, айдауда жүрген кездері жазылған өлеңдерінен мысалдар келтіріліп, талдаулар жасалған. Мақалада жинақтау, жүйелеу, салыстыру, концептуалдық талдау, тұжырымдау әдістері қолданыс тапқан. Мақаланың мақсаты ақынның азаматтық қайраткерлік ұстанымын таныту, ақынның өлеңдері арқылы тарихи шындықты талдау, ақын жырлары арқылы қазақ әдебиеттану ғылымындағы «тоталитаризм», «репрессия», «Гулаг», «реабилитация» сияқты күрделі ұғымдарының қазақ халқы үшін білдіретін мағынасын, оның астарын ұғыну. Сонымен қатар бұл мақалада ақынның өлеңдері басқа да ақын-жазушылардың, зерттеуші ғалымдардың жазбаларымен салыстырылады. Мақаланың ғылыми жаңалығы қазіргі әдебиеттану ғылымында лагерь тақырыбындағы поэзияның әлі де толықтай зерттеуді қажет етуімен түсіндіріледі. Зерттеу нәтижелерін «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет сыны» салалары бойынша зерттеу жұмыстарында қолдануға болады.
Автор
С.Б.Жұмағұл
Ж.Ж.Аубакирова
DOI
10.48081/MQWZ4637
Ключевые слова
Б.Ысқақұлы
Есеп партиясы
тоталитаризм
абақтыдағы өлеңдер
түрме тақырыбындағы өлеңдер
Степлаг
тарихи шындық
жаңа адам идеологиясы
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ӘДЕБИ КОНТЕКСТЕГІ «ҚЫЗЫЛ АЛМА» СИМВОЛЫ: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРІГУ (ТҰРАН) ФЕНОМЕНІ РЕТІНДЕ
Аннотация
Мақалада түркі дүниесі танымында ерекше орынға ие «Қызыл алма» символының мәні әдебиет пен мифология сабақтастығы сипатында зерделенеді. Мақалада бұл символдың Тұран идеясымен байланысы, түркі мемлекеттерінің тарихи және мәдени бірлігі талданады. «Қызыл алма» ежелгі түркі мифологиясында ортақ мақсат, билік және мәңгілік ұмтылыс символы ретінде қарастырылады, ал әдеби шығармаларда ол идеологиялық бірігудің метафорасы ретінде көрініс табады. Э.Фромм, С. Қасқабасов, З. Гёкальп сияқты ойшылдардың еңбектеріне сүйене отырып, мақала «Қызыл алманың» саяси және мәдени аспектілерін ашады, оның түркі әлеміндегі ұжымдық бірегейлікті нығайтудағы рөлін көрсетеді. Сонымен қатар әдеби контексте алманың махаббат, бақыт және күш тақырыптарымен байланысы қарастырылады, бұл оның символдық әмбебаптығын айғақтайды. Зерттеу әдісі ретінде мифологиялық талдау мен әдеби интерпретация қолданылады, әдеби шығармалардан мысалдар келтіріледі. Нәтижесінде «Қызыл алма» тек әдеби бейне ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының бірлігі мен Тұран феноменінің рухани және саяси негізі ретінде түсіндіріледі. Мақала әдебиеттану және мәдениеттану, әдеби байланыстардың ерекшеліктерін зерделеуге, әдеби үдерістерді талдауға үлес қосып, «Қызыл алма» символының қазіргі замандағы өзектілігін айқындайды.
Автор
Нургазиев Танат Есенбаевич
DOI
10.48081/VOQG5436
Ключевые слова
Тұран
Әдебиет
Қызыл алма
Символ
Фольклор
Мифология
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ-ДҮНИЕТАНЫМДЫҚ АРНАЛАР
Аннотация
Бұл мақалада адамның рухани әлемі, ішкі дүниесі, оның дүниетанымының негізі талданады. Адамның рухани әлемі, оның дүниетанымы өмірдегі прогрестің векторын таңдауға мүмкіндік беретіні туралы айтылады. Қазақ халқының ұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары талданады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы еңбек, білім тақырыбы қарастырылып, рухани-адамгершілік құндылықтар туралы зерделеген тұжырымдарына талдау жасалады. Ғалымның шығармалары қазақ тарихы, шежіресі, ауыз әдебиеті үшін құнды әрі негізгі дерек көздері болып табылатындығын, әрі ол еңбектер тарихты танумен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, соның көмегімен бүгінгі және келер ұрпақты салиқалы етіп тәрбиелеуге көмектесетін құрал болатындығы туралы терең ойлар айтылып, талдау жасалып, зерделенеді. Қазақ ойшылдарының танымдық шығармашылығының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері өз халқының тағдырын жақсы жаққа өзгертуге ұмтылған жаңа қағидаттар мен идеяларды ұсынумен байланысты болды. Мақалада қазақ жазушы-ойшылдары ұлттық дәстүр үшін ғана емес, әлемдік этикалық ойдың қазынасын толықтыра отырып, оның шегінен асып түсетін күрделі экзистенциалдық мәселелерді тұжырымдады деген қорытындыға келеді.
Автор
А. Кок
А. Қ. Нұрбанова
DOI
10.48081/JNEI1900
Ключевые слова
рухани-адамегршілік құндылықтар
құндылық бағдарлары
ұлттық құндылықтар
жеке тұлға
рухани әлем
туындылар
шығармалар
халық мұрасы
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚАЗАҚ ПАРЕМИОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЗАТТАНҒАН СӨЗДЕР: СЕМАНТИКАСЫ МЕН ҚОЛДАНЫСЫ
Аннотация
Қазақ тілінің қалыптасу, даму тарихын, сөз қолданыстарын зерттеуде мақал-мәтелдердің рөлі ерекше. Қазақ паремиологиясындағы тілдік тұлғалардың семантикасын, грамматикалық ерекшеліктерін,сөзжасамын, қолданысын зерттеу – бүгінгі таңдағы өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Қазақ паремиологиясындағы тілдік бірліктердің біршамасы концептуалды, бинарлық оппозиция тұрғысынан зерттеліп, мағыналық топтары анықталып, текстологиялық тұрғыдан талданғанымен, заттанған сөздердің семантикасы, грамматикалық ерекшеліктері, олардың қолдану жиілігі – әлі күнге дейін зерттелмеген тақырып. Сондықтан бүгінгі мақаламызда қазақтың бай паремиологиясындағы заттанған сөздер талданды. Бұл тақырып қазақ тіл білімінде алғаш рет мақала деңгейінде сөз болып отырғандықтан, әлі де жекелеген талдаулар мен зерттеулерді қажет етері сөзсіз. Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ паремиологиясындағы заттанған сөздерді анықтап, олардың семантикалық табиғатын ашу, қолданысын саралау. Осы мақсатқа жету жолында мақалада субстантивация құбылысының паремияларда көрініс табуы, мағыналық байланысы анықталды. Мақалада ғалым Ә.Қайдардың «Халық даналығы» еңбегі мен «Бабалар сөзі» жүзтомдығының 65-томы (2010) негізгі дереккөз ретінде пайдаланылып, отандық және шетелдік ғалымдардың теориялық тұжырымдары мен түсіндірмелері басшылыққа алынды. Мақаланың зерттеу нәтижелері паремиология, семантика, қазақ сөзжасамы, грамматология бағытындағы зерттеушілерге пайдалы болмақ.
Автор
Ақжігітова А.О.
Салқынбай А.Б.
Сәрсенбай Ж.А.
DOI
10.48081/IACQ7202
Ключевые слова
паремиология
паремия
заттану
семантика
сөзжасам
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ФОНЕТИЧЕСКИЕ МОДИФИКАЦИИ В РАЗГОВОРНОЙ РЕЧИ НОСИТЕЛЕЙ ПРОСТОРЕЧИЯ (НА ПРИМЕРЕ СОВРЕМЕННОГО КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА)
Аннотация
Вопрос просторечия в современной казахстанской лингвистике занимает ключевое место в исследовании многообразия и уникальных особенностей региональных говоров, что отображает как богатство, так и многообразие казахского языка. Исследования, проводимые в рамках диалектологических экспедиций по различным районам Казахстана, направлены не только на сбор лексического материала, но и на всесторонний и детализированный анализ фонетических характеристик речи носителей просторечия. Настоящая статья представляет собой углубленный и системный анализ фонетических модификаций, наблюдаемых у носителей просторечия казахского языка, и основывается на полевых материалах, собранных авторами в четырех различных регионах республики. В процессе исследования аудиоматериалов были выявлены и тщательно описаны важные изменения в произношении, включая нарушения гармонии гласного звука [ә], различные проявления губной гармонии, а также специфические фонетические явления чеканья и йеканья. Эти модификации обладают не только лингвистической, но и социокультурной ценностью, способствуя более глубокому пониманию динамики казахского языка, его региональных вариаций и расширяя теоретические рамки в области диалектологии и фонетики, что особенно актуально в современных условиях глобализации и культурного обмена между народами.
Автор
К.С.Кенжигожина
К.К.Дуйсекова
Г.О.Абитова
А.А.Пиримкулова
Д.М.Акижанова
DOI
10.48081/SFMU9859
Ключевые слова
фонетические модификации
просторечие
диалектология
говор
спонтанная речь
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
FAMILY RELATIONS IN THE KAZAKH AND ENGLISH PAREMIAS: LINGUOCULTURAL CODE
Аннотация
The article is devoted to the study of the linguocultural code in proverbs reflecting family relations in the Kazakh and English languages. The purpose of the study: to reveal and analyze the peculiarities of the linguistic, cultural code in paremias about family relations based on the material of the Kazakh and English languages, with an emphasis on cultural meanings, values and worldview aspects reflected in proverbs and sayings. The main attention is paid to the analysis of how the cultural values, worldview and traditions of these peoples are expressed in brief expressions of proverbs. The authors examine specific linguistic and cultural codes that form the concept of ‘family relations’, as well as common and unique features characteristic of each studied cultures. A special place is occupied by the identification of semantic, figurative components that emphasize the national identity of the contrasted languages. Comparative analysis shows how universal values, such as, family values, respect for elders, mutual assistance and moral principles are transmitted through proverbs, taking into account ethnocultural characteristics. The study of the linguocultural code in proverbs allows us to identify how language and culture interact to convey values, worldview, social experience. This contributes to understanding the concept of ‘family relations’ through the prism of linguistic, cultural differences. Theoretical significance lies in identifying common and unique features in Kazakh and English cultures, which expands knowledge about the mechanisms of national identity formation through language. The study is based on linguistics, cultural studies, ethnolinguistics, which allows taking into account both linguistic and linguacultural aspects. The results of the study expand the understanding of the interaction of language and culture, and also contribute to a deeper understanding of intercultural communication. The proposed methods of comparative and semantic analysis can be applied in other studies aimed at studying cultural concepts in different languages.
Автор
K.B.Duisenova
E.V. Aleshinskaya
E.T.Burankulova
S.A.Sadykova
DOI
10.48081/VNGR5700
Ключевые слова
paremia
proverbs and sayings
linguacultural code
national identity
family relations
cultural values
comparative analysis
language and culture
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ДЕКОЛОНИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМ
Аннотация
Бұл мақала А. Байтұрсынұлы аудармаларындағы деколониялық ұстаным мәселелеріне арналады. А. Байтұрсынұлы аудармалары тек шет тілінен жасалған көркем аударма немесе жай тілдік әрекет ретінде ғана емес, отарлық санадан арылуға ықпал ететін деколонизациялық құрал, мәдени және идеологиялық қарсылық ретінде қарастырылуы тиіс. Мақалада отарлық билік тұсында А. Байтұрсынұлының аударма еңбектерін халықтың рухани оянуы мен өзіндік болмысын бекемдеуге бағыттағаны байқалады. Мәтіндегі идеяларды қазақ оқырманының дүниетанымына сай етіп өзгерту – оның ұлттық сананы оятудағы негізгі стратегияларының бірі болғаны талданады. Мұндай тәсілдің аударманы тек тілдік трансформация ғана емес, ұлттың мәдени иммунитетін қалыптастыратын идеологиялық құрал деңгейіне көтергені зерделенеді. Мақаланың мақсаты – А. Байтұрсынұлының аудармаларындағы деколониялық ұстанымды айқындау, А. Пушкин шығармаларындағы мәдени лексиканы қазақ тіліне аударудағы тәжірибесіне, қолданған стратегияларына талдау жасау. Сол арқылы аудармашы ізденісі, жаңашылдығы сараланады. Нәтижесінде А. Байтұрсынұлы аударма еңбектеріндегі жаңаша сөз қолданыстары, ұлт ұғымына лайықталып жасаған ұтымды баламалары айқындалады. А. Байтұрсынұлының А. Пушкин туындыларын қазақ оқырманының ұлттық таным-түсінігіне лайықтап жеткізуді мақсат еткен деген қорытындыға келеміз. Түпнұсқаның тілдік өзгешеліктері мен оның авторының жеке стильдік ерекшелігін сол қалпында жеткізуден гөрі, шығарманың сюжеті мен құрылымын сақтай отырып, негізгі мазмұндық-идеялық ой желісін қазақы сөз саптау мәнеріне салып аудару ХХ ғасыр басында жасалған аудармалардың көбіне тән сипат екені көрсетіледі.
Автор
Адаева Ермек Сабырбаевна
Дәуренбекова Лаура Ноғайбекқызы,
Солтанаева Еркингуль Молотовна
Матаева Асыл Камчыбековна
DOI
10.48081/HZLQ9345
Ключевые слова
ұстаным
деколониялық әдіс
аударма стратегиясы
трансформация
Алаш қайраткері
Год
2025
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал