ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ СОПЫЛЫҚ САРЫН
Аннотация
Қазақ әдебиетіне сопылық ілімнің әсерін межелегенде әлем жаратылысы, ізгілік, имандылықты т.б. арқау еткен шығармалар Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасымен, Жүсіп Баласағұнның 1069-1070 жылы жазылған «Құтты білік» еңбегімен және ежелгі түркі әдебиет өкілдерімен салыстырыла қарастырылып, зерделенді. Сонымен қатар зерттеуші Ә. Дербісәлиев, Ә. Қоңыратбаев, А .Қыраубаева, Н. С. Смирнова еңбектеріне сүйене отырып, ғылыми дәйектемелер беріледі. Алла, Мұхаммед пайғамбар туралы Мәшһүр Жүсіп шығармаларында шығыстық ғибратнамалық үлгілердің ұлттық сана қалыптастырудағы маңызы ғылыми тұрғыда дәлелденеді.
Бұл мақалада сопылық әдебиеттің бастау көзі қайдан, қалай өрістегені туралы ақпараттарға тоқтала отырып, суфизм ертеден шығыстан келгенін, қазақ әдебиетінде Қожа Ахмет Иассауден бастап ХХ ғасыр әдебиетінде жалғастығын тапқанын көреміз. Араб мәдениетімен тығыз байланыста дамыған түркі әдебиетінде де басты тақырып, өзекті сарын алдымен Алланы, одан соң пайғамбарды дәріптеу орын алған. Мәселен, Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітабында да Алланы мадақтау, Мұхаммед пайғамбар істерін, ғибратты сөздерін дәріптеу арқылы адами құндылықтар шығарманың идеялық-тақырыптық негізін құрайды.
Абай Құнанбайұлы, М. Ж. Көпейұлы шығармаларында да алдымен Алланы, кейін пайғамбарды жырлау негізгі ойдың өзегіне жол тартқанын көреміз. Мәшһүр Жүсіп еңбектерінде дін тақырыбын игерудің алуан түрлі жанрлар арқылы жүзеге асқанын көреміз. Мысалы, хикаяттар, шарты сюжеттер, төрттағандар, дастандар т.б. Осыдан ақынның дін тақырыбындағы еңбектерінің маңыздылығын, ауқымдылығын бағамдай аламыз.
Автор
Жүсіпова Г. Қ.
Жүсіпов Е. Қ.
Қуандық З. Е.
Маулет А.
DOI
https://doi.org/10.48081/EHZL5316
Ключевые слова
ұлттық
әдет-ғұрып
сопылық әдебиет
ортағасырлық араб әдебиеті
ислам
Год
2025
Номер
Выпуск 3