БИЗНЕС ДИСКУРСТАҒЫ ПАРАЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАРКЕРЛЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ЖІКТЕЛУІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Аннотация
Мақалада паралингвистикалық маркерлер ұғымы қазіргі лингвистикадағы дискурстық бағыт аясында кешенді түрде қарастырылады. Мақаланың кіріспе бөлімінде паралингвистика саласы бойынша шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасалып, паралингвистикалық құбылыстарды сипаттаудағы негізгі ғылыми тұжырымдар мен бағыттар сарапталады. Зерттеудің негізгі нысаны – бейвербалды коммуникация құрамындағы интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу темпі, кідіріс, мимика, жест сияқты паралингвистикалық құралдардың қызметі. Аталған маркерлердің институционалдық дискурстың бір түрі ретіндегі бизнес дискурс контексінде мағына түзуші және коммуникативтік қызметтері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында паралингвистикалық маркерлер функционалдық тұрғыдан жіктеліп, олардың экспрессивтік, прагматикалық, регулятивтік, стратегиялық және мәдени қызметтері сипатталады. Нақты іскерлік коммуникация материалдары негізінде бұл маркерлердің қатысым тиімділігін арттыру, коммуникациялық стратегияны қалыптастыру, аудиторияға ықпал ету және мәдени сәйкестікті қамтамасыз етудегі рөлі айқындалады. Сонымен қатар мақалада паралингвистикалық маркерлердің ұлттық-мәдени ерекшеліктерге сәйкес түрленуі мен әртүрлі тілдік және кәсіби ортада қолданылу ерекшеліктері ғылыми дәлелдермен негізделеді. Зерттеу нәтижелері паралингвистикалық маркерлерді бизнес дискурста тиімді қолдану жолдарын көрсетіп, коммуникациялық мәдениетті жетілдіруге және кәсіби сөйлеу шеберлігін дамытуға бағытталған практикалық ұсынымдар жасауға негіз бола алады.
Автор
Б. М. Кадырова
Б. Б. Жумабекова
DOI
10.48081/BGQF1755
Ключевые слова
паралингвистикалық маркерлер
бейвербалды коммуникация
, бизнес дискурс
коммуникативтік функция
прагматика
Год
2026
Номер
Выпуск 1