ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
Аннотация
Берілген мақалада тіл саясаты мен тілдік жоспарлау мәселелеріне қатысты ғылыми зерттеулерге аналитикалық шолу жасалды. Шетел және Қазақстан ғалымдарының қазіргі әлеуметтік лингвистикалық, тарихи, демографиялық, саяси және экономикалық факторлар контекстінде баяндалған тіл саясаты мәселелері жайлы ғылыми еңбектері талданып, зерттеу нәтижелерінің ұқсастықтары, айырмашылықтары және негізгі тенденциялары аталды. «Тіл саясаты» ұғымы және оның қазіргі интегративті процестер жағдайындағы мәні айқындалған. Тіл саясаты қоғамдағы және мемлекеттегі тіл мәселелерін шешуге бағытталған нормалардың, идеологиялық принциптердің және практикалық шаралардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Тіл саясаты мәслесін зерттеудің өзектілігі бірнеше факторларға байланысты. Біріншіден, жаһандану үдерістерінің қоғамға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымына, оның тілдік ландшафтына әсерін есепке алмай, қазіргі уақытта тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесін зерттеу жеткіліксіз болып отыр. Екіншіден, Қазақстанның тіл саясаты туралы зерттеулер көп жағдайда қазақ және орыс тілдерінің өзара әрекеттесуін және олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге бағытталса, ағылшын тілін енгізу тақырыбы негізінен педагогика тұрғысынан қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың маңызды компоненттерінің бірі болып табылатын «тілдік кеңістікке» сипаттама беріліп, тіл мамандарының жүргізген зерттеулері жөнінде айтылған.
Автор
Тлепберген Динара Нұрланқызы
Акжигитова Асель Шералиевна
DOI
https://doi.org/10.48081/RRIX6118
Ключевые слова
тілдік жоспарлау
қостілділік
көптілділік
тілдік идеология
тіл мәселелері
тілдік кеңістік
Год
2022
Номер
Выпуск 2