МҰСТАФА ШОҚАЙ ЕСТЕЛІГІНІҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ СТИЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
Аннотация
Мақалада естеліктерді тек тарихи және әдеби жағынан
ғана емес, лингвистикалық тұрғыдан да зерттеудің маңыздылығы
айтылады. Өйткені естелік тілін зерттеу барысында тілдік
бірліктердің түрлері, қызметі мен жұмсалу ерекшеліктері зерттеліп,
автордың стилдік сөзқолданысы анықталады. Осы бағытта
Мұстафа Шоқайдың «1917 жыл естеліктерінен үзінділер» атты
еңбегіне лингвистикалық талдау жасалады. Алдымен естелік
мәтінінде жиі кездесетін антропоним, этноним, топоним және
эргонимдер талдауға түседі. Одан соң естеліктегі кірме сөздер,
көнерген сөздер, атаулық мағынадағы сөздер мен сөз тіркестері,
фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, эпитеттік, синонимдік,
антонимдік сөзқолданыстар, сондай-ақ кейбір морфологиялық
тұлғалар және синтаксистік құрылымдардың стилдік ерекшеліктері
жеке-жеке қарастырылады. Қорытындысында қазақ эмигранттары
естеліктерін лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеп
талдаудың мәні зор деген тұжырым жасалады.
Автор
А. М. Абасилов
DOI
https://doi.org/10.48081/FHJP8596
Ключевые слова
ономомастикалық бірліктер, кірме сөз, әлеуметтік- саяси лексика, атау, ұғым
Год
2020
Номер
Выпуск 3