Б. НҰРЖЕКЕҰЛЫНЫҢ «КҮТУМЕН КЕШКЕН ҒҰМЫР» РОМАНЫНДАҒЫ ЗАМАНА БЕЙНЕСІ
Аннотация
Мақалада ұлттық әдебиетіміздің көркемдік дамуында өзіндік
қолтаңбасымен дараланып, қазақ сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосып
жүрген қарымды қаламгеріміздің бірі Б. Нұржекеұлының қаламынан
туған «Күтумен кешкен ғұмыр» атты романы талданады.
Көркем әдебиетте өмірдің сан қырлы жақтары суреттелетіні
айқын. Оқырман тарихтың өткені мен бүгінін шығарма арқылы
танып, біліп отырады. ХХ ғасырдың жетпісінші жылдары әдебиетке
қадам басып, қазақ прозасына өзіндік ерекшелігімен тың, соны
соқпақ салып, өзіндік қолтаңбасымен дараланып көрінген жазушы
қазақ прозасында қатарласынан басқаша ой түюге, тың жол ашуға
ұмтылды. Қаламгердің қаламынан туған прозалық шығармалары
бүгінде қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған табысты еңбек
болып табылады. Қазақ әдебиетінде тың иедяларымен танылып
келе жатқан қаламгердің өмірді өзінше көріп-тануға, өзінше
бейнелеуге ұмтылысы, ешкімге ұқсамайтын кейіпкерлер галереясы
жасалған шығармалармен оқырман жүрегінен жылы орын ала білді.
Жазушының қаламынан туған «Күтумен кешкен ғұмыр» романы өткен
ғасырдың басындағы қазақ даласында орын алған үлкен өзгерісті,
қазақ халқының басынан өткен сан түрлі тарихи оқиғаларды сөз
етеді. Тұрмыс-салтын берік ұстанған, ұлттық менталитеті айқын,
ұлттық болмысы мықты қазақ халқының басынан өткен ауыр тарихи
шындықты көркем шығармаға айналдыра білген.
Автор
Б. С. Бегманова, Б. М. Сұлтанова
DOI
https://doi.org/10.48081/OIEC4883
Ключевые слова
проза, роман, тарих, әдебиеттану, теория, көркем шығарма, сюжет.
Год
2020
Номер
Выпуск 4