ХАРИЗМА ЖӘНЕ БИІК БЕДЕЛДІЛІК: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТІРЕК
Аннотация
Мақала ерекше биік беделге ие адамға тән харизмалық қасиетті жинақтауды мақсат етеді. Жұмыстың жаңашылдығы мен өзектілігін тақырыптың филология саласында қозғалмағандығы айқындайды. Авторлардың харизма мен харизмалықтың мәнін ерекше дарындылық, биік бедел, данышпан, дана(лық), әулие(лік) сөздері аясынан тарқатуы да жаңашылдықтың көрінісі болып саналады. Мақала авторлары психологиялық категория бірлігі ретінде тұрақталып қалған харизма туралы өз тараптарынан ғылыми тұжырым келтіріп, харизмалық мәнге ие тілдік бірліктердің концепциясын жасаудың алғышартын ұсынады. Әсіресе «қара» сөзімен тіркесетін «домалақ, көз» сөздерінің нәтижесіндегі этно-мәдени бірліктің қасиетті сипатта екендігіне назар аудартады. Бұл этно-мәдени бірліктің соматикалық атау (бас) арқылы қоршаған қауымның қабылдауына әсер ететіндігі жеткізіледі.
Жұмыс авторларының орыс және ағылшын ілімін зерделеушілердің пікірлерін қазақ ғылымындағы сөздіктермен, философиялық пайымдармен ұштастыра берілуі тақырыптың ғылыми әлеуетіне әсер еткен. Сонымен бірге мұндай тұжырымдарды көркем шығарма және сұхбаттық дәрежедегі мысалдармен дәйектеу көтеріліп отырған мәселені практикалық тұрғыдан орнықтыруға алып келген. Нәтижесінде, мақала барысында психология, тіл білімі, әдебиеттану сынды ғылымдардың бірлігі орныққан.
Мақала иелері жұмысты жазу барысында талдау-жинақтау, салыстыру мен салғастыру әдістерінің қызметіне сүйенген. Еңбектегі салыстыру – этно-мәдени ізденістің нәтижесі де, салғастыру орыс-ағылшын-қазақ тілдеріндегі еңбектердің тұжырымын алу үшін пайдаланылған. Ал талдау-жинақтау мысалдық деректерді сараптауда іске асқан.
Автор
А.Адамова
Н.Ахтаева
Б.Сағындықұлы
DOI
https://doi.org/10.48081/BYVP7669
Ключевые слова
Кілтті сөздер: ерекше дарындылық, биік бедел, данышпан, дана(лық), әулие(лік), қара (домалақ, көз)
Год
2024
Номер
Выпуск 4