ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Аннотация
Мақалада лингвомәдениеттану арқылы адамзатты зерттеуде тұлғаның жеке мінездемесі, оның ішінде гендер саласының маңыздылығы қарастырылған. Себебі аталмыш тақырып қазіргі қазақ қоғамындағы гендерлік идеялардың эволюциясына және оның әдебиетке әсеріне назар аударатын өзекті зерттеу болып табылады. Бұл тақырып феминистік және маскулинистік гендерлік рөлдерді талдауды, ер және әйел адамға тән жыныстық ерекшеліктерді және сәйкестікті зерттеуді көрсетеді.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі гендерлік аспектіні зерттеу мәдени контекстіні қалыптастыру және гендерлік әділеттілік пен әртүрліліктің маңызды мәселелері бойынша диалогты қолдау үшін маңызды. Бұл тақырып қоғамдағы өзгерістер мен гендерлік мәселелерді қабылдауды көрсететін дамуды жалғастыруда және қазіргі әдеби пікірталастың маңызды аспектісі болып қала береді. Осылайша көркем шығарма арқылы ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасымен қатар ұлттың, мәдениеттің ерекшелігін көрсетуге болады.
Талдауға түсіп отырған Тынымбай Нұрмағамбетовтың кейіпкерлер арқылы қоғамдағы шынайы өмірді, отбасындағы дағдарысты және мәдениетті, ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасын, жұбайлық өмірден тыс қатынастырды көркем әдебиеттегі мәтін арқылы жеткізу болып табылды. Еркек пен әйел, бойдақ жігіт, үйленген ер адам мен тұрмыс құрмаған қыз категориясындағы кейіпкерлер тілі, кейіпкерлердің ішкі әлемі арқылы олардың тұлғалық, гендерлік және әлеуметтік рөлдерінің өзгешеліктері көрсетіледі.
Автор
Е. Е. Шаймардан
Г. К. Исмагулова
DOI
https://doi.org/10.48081/XEUV6158
Ключевые слова
лингвомәдениеттану
лингвомәдени тәсіл
гендер аспектілері
адюльтер
қазіргі көркем мәтін
қазақ әдебиеті
Год
2023
Номер
Выпуск 4