1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТІҢ ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Аннотация
1916 жылғы патша өкіметінің «25 Июнъ» жарлығы қазақ пен қырғыз елінде ұлт-азаттық көтеріліс тудырып, қоғамдық-саяси жағдайлар мен әлеуметтік мәселелерін шиеленістірді. Бұл оқиға қазақ пен қырғыз ақындарының жыр-дастандарында, кейінгі ақын-жазушыларының әдеби шығармаларында да маңызды орын алды. Ресей империясының жергілікті әкімшілік басқару жүйесінің орнауы, тұрғылықты халықтың жер мен судан қысымшылыққа ұшырап, жаппай кедейшілікке ұрынуы, биліктегі әділетсіздік, алым-салықтың көбейуі т.б. елдің наразылығын күшейтті. Бұл заманды Арыстанбек Бұйлашұлы, Албан Асан сынды ақындар жырларында діни аңыздарда айтылатын «Ақыр заман» белгісі деп сипаттады. Осы қысым мен таршылық 1916 жылғы көтерілістің жалпы халықтық қарсылыққа айналуына себеп болды. Зерттеу жұмысында сол дәуірде өмір сүріп, үркін-қорқын заманды бастан өткерген, оның қиыншылығы мен азабын халықпен бірге көріп, зор қырғынның куәсі болған қырғыз және қазақ ақындарының 1916 жыл жайлы шығармалары талданды. Қырғыз, қазақ ақындар шығармасында осы кезеңдегі тарихи шындық, қоғамдық саяси жағдай, елдің тұрмыс-тіршілігі, көтеріліс барысы, нәтижесі қалай көрініс тапты және екі елдің ақындар шығармаларындағы көтерілісті сипаттауындағы ұқсас тұстары мен өзіндік ерекшеліктері салыстырыла зерттелді.
Автор
А.Әбсадық
Н.Елесбай
Д.Кусаинов
DOI
10.48081/JRNN9436
Ключевые слова
1916 жыл
ұлт-азаттық көтеріліс
ақындар шығармашылығы
үркін
босқын
айырмашылық
ұқсастық
өзіндік ерекшелігі
Год
2025
Номер
Выпуск 4