Қазақ медиакеңістігіндегі эпонимдердің лингвомәдени және прагматикалық қызметі
Аннотация
Мақалада қазақ тілді медиамәтіндерде жиі кездесетін эпонимдердің лингвомәдени және прагматикалық сипаттамалары зерттеледі. Эпонимдер — тарихи тұлғаларға, мәдени құндылықтарға немесе географиялық нысандарға негізделген атаулар жүйесі ретінде, медиакеңістікте семантикалық әрі символдық жүктемесі бар тілдік бірліктер. Мақаланың басты мақсаты – эпонимдердің ұлттық сана мен мәдени жадыны қалыптастырудағы қызметін ғылыми тұрғыдан сипаттау. Эмпирикалық база ретінде 2020–2024 жылдары жарияланған ақпараттық сайттар, әлеуметтік желілер, мерзімді басылымдар мен телерадиобағдарламалардан100-ге жуық материал және 50-ден астам эпонимдік атау таңдалды. Зерттеу барысында контент-талдау, дискурстық және салыстырмалы-тарихи әдістермен қатар, лингвомәдениеттану тәсілдері қолданылды. Талдау нәтижелері эпонимдердің медиадискурстағы мағыналық-құрылымдық ерекшеліктерін, прагматикалық қызметтерін және мәдени-идеологиялық рөлін айқындауға мүмкіндік берді. Бұл мақалада эпонимдерді қазіргі ақпараттық кеңістікте тиімді қолдану жолдарын ұсына отырып, олардың тілдік репрезентациядағы орны мен әлеуетін ғылыми негізде талдайды
Автор
Д.Е. Мырзаханова
Ж.Т. Таубаев2
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF1999
Ключевые слова
лингвомәдениет
медиамәтін
ұлттық код
прагматикалық функция
эпоним
Год
2026
Номер
Выпуск 2