ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОТАНСҮЙГІШТІК МАЗМҰНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІ ІРІКТЕУ, БЕЙІМДЕУ, ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Тілдік тұлға – ауызша және жазбаша мәтін тудыра алатын, оны адресат пен адресант арасындағы коммуникацияға айналдыра алатын тұлға. Өз кезегінде барлық грамматикалық тұлғалар мен функционалды стильдердің мүмкіндіктерін бастауыш сынып оқушысы өз жасына сәйкес қолдана алады. Демек, тілдік тұлға – философиялық, психологиялық және әлеуметтанымдық т.б. тұтас ғылым салаларында қолданылатын пәнаралық термин. Бұл терминді бастауыш сыныпта отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндерді игере отырып, азаматтық құзіреттілікті меңгеруде де қолданылатынын ескерген жөн.
Бұл мақала отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндер лингвистикасына арналған докторлық диссертация шеңберінде әзірленген тақырыпты негізге ала отырып әзірленген. Ғылыми мақалада тілдік тұлғаны қалыптастыруда отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндерді іріктеп, бейімдеп, цифрландырып пайдалану мәселесі қарастырылған. Тілдік тұлғаны қалыптастыру баланың кішкентайынан басталу керек. Жас-жасқа бөліп, барлық сынып-сынып бойынша тілдік тұлғаның қалыптасуына назар аудару керек. Осыған дейін тілді структуралық тұрғыдан оқытып, лингвистикалық білімді құрылымдық тұрғыда беруді көздеген жүйе болды. Соған сәйкес фонетикалық тілдік құзіреттіліктер, лексикалық құзіреттіліктер, морфологиялық құзіреттіліктер, синтаксистік құзіреттіліктер, сөзжасамдық құзіреттіліктер беріліп, тек пәндік құзіреттіліктермен шектелді. Ал тілдік тұлға мәтін тұрғысынан оқыту, мәтінмен байланыстыра оқытуды басты мақсат етпеді. Бүгінде қазақ тілі функционалды аспект тұрғысынан оқытуды қолға алған шақта, мәтін арқылы тілдік тұлға қалыптастыру, сонымен қатар отансүйгіштік мазмұндағы мәтіндерді бейімдеп беру ұсынылып отыр.
Автор
Ғ. Б. Шойбекова
Е. Армия
Б. Молдағали
DOI
https://doi.org/10.48081/XFAJ9225
Ключевые слова
отансүйгіштік
мәтін
тіл
тұлға
цифрландыру
Год
2023
Номер
Выпуск 2