ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МИФТІК МОТИВТЕР МЕН ОБРАЗДАРДЫҢ ГЕНЕЗИСІ
Аннотация
Жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаев шығармашылығы сан-салалы. Бүгінгі күнге дейін ақын поэзиясы әдебиеттану ғылымындағы бірнеше іргелі зерттеу еңбегіне арқау болды. Ғалымдар ақын жырлары мен айтыстарын әр қырынан зерттеп, Жамбылтану ғылымына орасан зор еңбек сіңірген. Десек те, Жамбыл Жабаев шығармашылығындағы мифтік сарын, мотивтер, образдар әлі де болса жете зерттелген жоқ. Ал халық ақынының жырлары халықтың танымынан, тамырынан сыр шертпеуі мүмкін емес.
Мақалада халық ақынының шығармаларындағы мифтік сарынды зерттей отырып, оның туындыға үстейтін мәніне үңілеміз. Сол арқылы шығарма мәнін өзге қырынан таныстыруға, мағынасын толықтыруға болатынын зерделейміз. Сонымен қатар, ақын жырларындағы мифтің поэтикалық қуатын да айқындап, мифтік образдар жүйесінің бірізділігіне мән береміз. Мотивтер мен образдардың генезисіне тереңдей тоқталамыз.
Миф – халықтың протодіні, арғы танымы ретінде саф қалпында сақталмағаны ғылымға аян. Ал оның әдеби шығармада көрініс табуы тіпті елеусіз болуы ықтимал. Сондықтан мифтік мотивтер мен образдарды ақын жырларының жекелеген жолдарынан іздеуге тура келеді.
Халық тұрмысымен, танымымен біте қайнасқан Жамбыл ақынның жырлары оқырманын сол терең таныммен қайта қауыштырады. Ол өз кезегінде халықтың ұлттық кодына жетелері сөзсіз. Сондықтан халыққа жырлары етене таныс Жамбыл Жабаев поэзиясындағы мифтік мотивтердің зерттелуі өзекті мәселе.
Автор
Е. Қ. Сейтқазы
А.А. Мәуленов
DOI
https://doi.org/10.48081/SKML9411
Ключевые слова
мифология, таным, тотем, мифтік сана, мифтік образ, мотив.
Год
2024
Номер
Выпуск 4