ЛИНГВОАКСИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: PRISMA ӘДІСІМЕН ЖАСАЛҒАН СИСТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДЕБИ ШОЛУ
Аннотация
Бұл жүйелі шолу 1996 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде лингвистика және аксиология ғылымдарының қазіргі жағдайын және оның әлем бойынша зерттеу белсенділігін талдауға бағытталған. Scopus және Google scholar дерекқорынан құжаттар тауып, олардың өзінен ағылшын, орыс тілінен басқа тілдегі мақалаларды алып тасталды. Құжаттарды сұрыптау нәтижелері бойынша конференция материалдары, мақалалар, шолу мақалалары, кітаптар, кітап тараулары, шағын сауалнамалар таңдап алынды. Бұл мәліметтер ғылыми ізденістердің кең спектрін қамтиды және лингвистика және аксиология саласындағы зерттеулерді түсіну үшін маңызды дереккөздер болып табылады және бұл зерттеудің сенімділігі мен ғылыми негізділігін арттырады. Жарияланымдар санының жыл сайын артуы тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Осы зерттеуді басшылыққа алған үш негізгі зерттеу сұрағын шешу үшін PRISMA (Preferred Reporting Items for Systematic Reviews and Meta-Analyses)әдісі қолданылды. Мақалада әр түрлі елдердегі зерттеулердің таралуы салыстырмалы түрде қарастырылды. Нәтижелер көрсеткендей, АҚШ, Польша, Солтүстік Америкада, әсіресе, Ресей Федерациясында лингвоаксиологияға қатысты зерттеулердің саны айтарлықтай жоғары, ал Оңтүстік Америка, Африка елдерінде бұл салада зерттеулер салыстырмалы түрде аз. Зерттеу нәтижелері лингвоаксиологияға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын әлі де көп жетілдіру мен дамыту қажет екенін көрсетеді. Сонымен қатар, аксиология және лингвистика салаларының қай уақыт аралығында жемісті және қай жылдар аралығында жеткіліксіз зерттелгендігі жөнінде жазылды. Лингвоаксиология ғылымының даму кезеңдері, лингвоаксиология мен методиканың байланысы, оны зерттеушілер, құндылықтар ұғымын зерделеудегі әр түрлі ұстанымдар, олардың жіктелуі туралы зерделеу жасалды.
Автор
Мұхиддинова Гүлжанат Әлімжанқызы
Есенова Қалбике Өмірбайқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/BTOUPh3.2026/605-619
Ключевые слова
лингвистика және аксиология, лингвоаксиология ғылымы, құндылық, лингвометодика. PRISMA, жүйелі әдеби шолу.
Год
2026
Номер
Выпуск 3