Әдеби туристік-өлкетануды дамытудағы топонимдердің қызметі (Шығыс Қазақстан облысы бойыншы)
Аннотация
Мақалада заман ағымына қарай дамып отырған туризм саласына топонимдердің қосатын үлесі, жасайтын қызметі теориялық тұрғыдан атап көрсетіледі. Топонимдердің қызметі, негізінен, танымдық бағыттағы туризмге қажеттілік тудырып отыр. Белгілі бір аймақты аралауға келген саяхатшы ол өңірдің табиғатын ғана тамашалап кетпейді, оның тарихына, географиясына, жүріп өткен жолдарындағы жер-су аттарына қызығушылық танытады. Туристерге жергілікті жердегі топонимдердің этимологиясын ашып көрсетсе, олардың жер туралы, ел туралы, атау жасауда қолданған тіл байлығы туралы, дүниетанымы мен кәсібі туралы танымдық ақпараттар алып қайтуы анық. Қазақ сияқты көшпелі мал шаурашылығымен айналысқан елдер әр табиғи нысанның ерекшелігін ескере отырып атау беруге тырысқан. Әр топоним өзі белгілеп тұрған жер бедерін дәл сипаттап, нақты ұғым тудыра алады. Отырықшы елдер сияқты антротопонимдерді, саяси, діни атауларды көп қолданбаған. Атау бойындағы кумулятивті түрде жинақталып жатқан мол ақпарат келген саяхатшының танымдық қажеттілігін толық қанағаттандырады деп ойлаймыз. Осы мәселелер мақаланың өзектілігін тудырады. Зерттеудің мақсаты – Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту үшін қажетті алғышарттардың бірі болып табылатын туристік бағыттарды сипаттап көрсететін кешенді тілдік-танымдық жолнұсқау-анықтамалықты әзірлеу жолдарын көрсету. Өлкеге келген саяхатшыларға бағыт-бағдар беретін шағын буклет жолнұсқаулардан гөрі, олардың танымдық қызығушылығына қажетті кешенді жолнұсқау жасап ұсыну мақаланың жаңалығы болады.
Автор
Қ.Құрманбекұлы, А.М.Картаева, Б.Н.Бияров
DOI
10.48081/BGQF1758
Ключевые слова
әдеби танымдық туризм,
топоним,
этимология,
кешенді жолнұсқау,
саяхатшы,
картография,
түрлі-түсті фоталар,
буклет.
Год
2026
Номер
Выпуск 1