Тіл және сөйлеу бұзылыстарында нейролингвистиканың рөлі
Аннотация
Бұл мақалада тілді дамыту мен қолданудағы жеке сөйлеу бұзылыстарына қатысты аналитикалық процедураларды қамтитын лингвистиканың пәнаралық салаларының бірі ретінде нейролингвистиканың маңыздылығын түсіндіреді. Талдау нәтижесі олардың тілдік мүмкіндіктерін жақсарту моделі мен стратегиясын жасау үшін қолданылады. Нейролингвистиканың жол картасы 2006 жылдан бері Sastra және тағы да басқа ғалымдардың жүргізген кейбір алдыңғы зерттеулерді қамтиды. Бұл зерттеулер тіл мен сөйлеу бұзылыстарын, соның ішінде ойлау бұзылыстарын зерттейді және нейролингвистиканың жеке мәселелерін шешуге қосқан үлесі туралы маңызды сұраққа жауап береді. Аталмыш мәселелер мидың сол және оң жақ жарты шарларындағы кейбір бұзылуларынан туындайды. Психолгингвистиканың қарқынды дамуының арқасында бұл сала – теориялық психолингвистика (адамның тілді қолдануының психикалық аспектілеріне назар аударады), өсу және даму психолигингвистикасы (бірінші және екінші тілдерді меңгеруге бағытталған), әлеуметтік психолингвитстика (тілдің ішкі байланыс ретіндегі әлеуметтік аспектілері), білім беру психолингвитикасы (тіл және тілдерді оқыту), эксперименттік психолингвистика (тілдік әрекет пен ауызша мінез-құлық эксперименттері туралы), неврологиялық психолингвитика және нейро-психолингвистика (тіл, қолданыстағы тіл және адам миының байланысы туралы), қолданбалы психолингвистика (білім беру, неврология, психиатрия, әдеби сын және коммуникация) сияқты келесі пәндерден тұрады. Ғылыми тұрғыдан алғанда, нейролингвистика әрқашан дамиды, өйткені тілдік құбылыстар әрқашан адам өмірінде ойлау және сөйлеу арқылы жүретіндігі дәлелденген.
Автор
З.С.Машрапова
Д.С.Адильбаева
DOI
https://doi.org/10.48081/WCBG6144
Ключевые слова
нейролингвистика
тіл
сөйлеу
ойлау
ми
неврология
Год
2023
Номер
Выпуск 4