Қазақ тіліндегі будан терминдердің қолданылуындағы олқылықтар
Аннотация
Елімізде ғылымның дамуы мен қоғамдағы рөлінің артуы, шет тілдерден халықаралық терминдер, кірме сөздер мен атаулардың көптеп енуі терминология жүйесінде бірқатар өзгерістер мен сәйкессіздіктер туғызды. Кірме сөздерді игеру, оларға төл тілімізде дұрыс балама табу, түпнұсқасын дұрыс пайдалана білу және тіл тазалығын сақтау күрделі процесстердің бірі. Будан сөздердің құрамындағы шеттілдік субстраттың уәжсіз қолданылуы, яғни тілімізде баламасы болса да сол қалпында қалдыру, оларды қолдануда және жазуда бірізділіктің болмауы сияқты мәселелер тілімізде көп кездеседі. Сол себептен терминдерді біріздендіру, төл тіліміздің ластануына жол бермеу, кірме сөздерді дұрыс қолдана білу мәселесі туындады.
Бұл мақала қазақ тіліндегі будан терминдердің қолданылуы мен жазылуында кездесетін олқылықтарды зерттеп, оларды талқылап, талдауға арналған. Зерттеудің басты мақсаты - қазақ тілінде будан терминдерді қолданудағы олқылықтар мен сәйкессіздіктерді анықтап, бұл олқылықтарға жол бермей, қазақ тілінің фоно-морфологиялық заңдылықтарына сәйкестендіру, шеттілдік сөздердің қазақ тілінің емле-ережелерін сақтап жазу, айту және қолдану. Зерттеу жұмысының талдаулары мен тұжырымдарын қазақ тілінің фонетикалық және морфология жүйесін оқытуда және зерттеуде, терминтану, терминжасам, сөзжасам салалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалануға болады. Сонымен қатар, аударма саласында, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға мақала жазуда және сөздіктер құрастыруға көмекші құрал ретінде бола алады.
Автор
Несіпбай Айнұр Шыңғысханқызы
DOI
https://doi.org/10.48081/OLRY9602
Ключевые слова
будан, термин, терминология, тілдік норма, олқылықтар, тіл тазалығы.
Год
2025
Номер
Выпуск 1