Вестник ToU
Филологическая серия
search Найти
Қазақ прозасындағы Семей қаласының бейнесі
Аннотация
Мақалада қазақ әдебиетіндегі Семей қаласының бейнелену ерекшелігі қала табиғаты мен құрылымының прозалық шығармалардағы көрінісі жан-жақты талданады. Қазіргі таңда пәнаралық сипатта айқындалатын қала бейнесінің әдебиеттегі көрінісін зерттеу урбанизациялық үрдістің басты тақырыптарының біріне айналып отыр. Сол себепті де, қала бейнесін сол әдеби кеңістікте өмір сүретін кейіпкер психологиясымен бірлестікте қарастыру келелі мәселелер қатарынан табылады. Қазақ әдебиетінде да өткен ғасырдың бас кезеңінен бастап Семей қаласының бейнесі ақын-жазушылар шығармаларына өзек болғанымен де, арнайы зерттеушілер тарапынан қарастырыла көп қарастырыла қоймағаны белгілі. Сол себепті де, аталмыш мақалада Алаш астанасы болып табылатын Семей қаласының тарихи-әлеуметтік сипатын танытып қана қоймай, оқырман таным-түйсігіне әсер беретін эстетикалық-психологиялық факторлары сараланады. Қала образының алғашқында адамгершілік идеясымен астасып, «мінсіз қала» сипатындағы көрінісі біртіндеп адамзаттың қалаға шоғырлануы нәтижесінде тұрғындардың бойындағы кейбір қасиеттеріне әсері қарастырылады. Ұлылар мекені саналатын қарт Семейдің қалыптасқан идеялық имиджі анықталады. Семей қаласы бейнесінің қазақ прозасындағы көрінісі Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», Сапарғали Бегалиннің «Бала Шоқан», Кәмен Оразалиннің «Абайдан соң». Дихан Әбіловтің «Сұлтанмахмұт», Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» туындыларындағы табиғат пен кейіпкер бейнесін салыстыра талдау арқылы ашылып талданады.
Автор
Аитова Ж.Ж.
Тулебаева Қ.Т.
Абикенова Г.Т.
DOI
https://doi.org/10.48081/CWMO3775
Ключевые слова
қала бейнесі
қала табиғаты
ұлттық таным
жаһандық құндылық
психология
символ
кейіпкер
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Абай шығармаларынң ҚХР дағы Қазақ әдебиетінің дамуындағы орны
Аннотация
Абайдың рухани мұрасы қазіргі таңда тұтас адамзаттың рухани қазынасына айналып отыр. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебитінің биік шыңындағы Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады. Абай – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған ұлы тұлға екендігі бүгінде әлемге әйгілі шындық. Абайдың ағартушылық идеялары мен Абай мектебі ҚХР-дағы жазба әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына үлкен ықпал етті, Абайдың ағартушылық идеялары тәлім-тәрбиемен қатар жүреді. Ол еңбек тәрбиесін-оқу мен білім алудың негізі деп түсінді. Абай жастарды жалқаулыққа салынбай, ғылым-білімді меңгеруге үндеді. Абайдың ағартушылық идеялары Қытай қазақтарының ғылым-білім үйренуіне үлкен жол ашты, Әсет Найманбай, Таңжарық Жолдыұлы, Көдек Маралбай, Жүсіпбек Қожа Шайықсылам Асқар Татанайұлы, Омарғазы Айтанұлы, Мағаз Разданұлы, Құрманәлі Оспанұлы, Боздақ Дүрбенбетұлы қатарлы ҚХР-дағы Қазақ жазушылары Абай мектебінен сусындаған, Абай және оның шығармалары ҚХР-дағы қазақ әдебиетшілерімен тығыз байланысты болып, оларға тікелеи ықпал жасаған, Абай шығармалары ҚХР дағы қазақ әдебиетінің дамуында орны бөлек болып саналады.
Автор
Ө. Сейсенқұлұлы
O. Abdimanuly
DOI
https://doi.org/10.48081/FSHK7298
Ключевые слова
Абай
Абай шығармалары
Қазақ әдебиеті
Әсет Найманбай
Таңжарық Жолдыұлы
ҚХР
Қазақ жазушылары
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
Көркем мәтіндегі танатологияның зерттелуі
Аннотация
Әлемдік әдебиеттану ғылымында «көркем танатология» мәселесі жан-жақты қарастырылып келеді, алайда философия, психология сияқты салалардың объектісі ретінде қаралғаны болмаса, қазақ әдебиеттану ғылымында бұл тақырыпқа жазылған зерттеу еңбектері жоқтың қасы. Қазіргі таңа көркем шығармадағы «танатологияны», «танатологиялық мотивтерді», «образдарды» айқындап, жүйелі түрде талдау – әдебиеттанудың негізгі мәселелерінің бірі. Сондықтан мақалада танатологияның гуманитарлық ғылымдардағы орны, әлемдік әдебиеттану ғылымындағы зерттелуі, психология, философия ғылымдарымен салыстыруы арқылы көркем әдебиетте, шығармада қолдану жолдары мен образға айналу үдерісі талданады. Бұл тұрғыда ХХ ғасырдың екінші ширегіндегі танатологияны «өлім туралы ғылым» ретінде қарастырған ғылыми еңбектерден (З.Фрейд, К.Юнг, Ж.Батай, Ф.Арьес), сондай-ақ көркем әдебиет бағытында зерттеле бастаған кезеңдеріне (Ф.Хофман, М.Бахтин Р.Барт) шолу жасай отырып, оның нақты бір автордың мәтін жүйесіндегі интерпретациялық элементіне айналу үдерісі айқындалады. Соның негізінде көркем мәтінді талдауда жаңа ізденістерге жол ашылады. Авторлардың шығармашылық шеберханасына терең бойлап, түпкі идеяны талдауға баса назар аударылады. Сонымен қатар, бұл мақалада сюрреализм, экзистенциализм сияқты түсініктердің танатологиялық мотивтерге байланыстылығы көркемдік тұрғыдан дәйектеледі, қазіргі қазақ жазушыларының шығармалары жан-жақты талданып, қарастырылады.
Автор
Қайырбекова Аида Құрманғазықызы
Толеубаева Камшат Аманбаевна
Такиров Саржан Уахитович
DOI
https://doi.org/10.48081/UYYE5460
Ключевые слова
өмір,
өлім,
танатология,
танатологиялық сарын,
әдебиеттану,
автор,
экзистенциализм,
концепт,
интертекст.
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ESSAY AS A LITERARY GENRE
Аннотация
The article provides an overview of scientific research related to the genre features of essay writing, systematizes the definitions given to essays. The features of the essay as a literary genre are analyzed and analyzed. The purpose of the study is to determine the genre character and features of the formation of essay writing as a literary genre in Kazakh literature. The relevance of the research topic is due to the constant interest of philologists of various profiles in the essay genre. Being by definition a free form, the essay is difficult to generalize. The study used such methods as generalization, systematization, analysis and formulation. The article examines the philosophical, literary-critical, journalistic and lyrical features of the essay. Only when the lyrical tone of the essay prevails, it will quickly reach the reader's heart and make an impression. The article says that "the work reflects the subtle curves of the human soul, psychological transparency and romantic mood, and also reveals the stylistic originality of the author. Another feature of the essay is its clear formulation. "It artistically reflects philosophical thought and historical knowledge," the conclusion is made. The results of the study can be used in conducting research related to essay writing, in lectures on the courses "History of Kazakh Literature", "Literary Criticism".
Автор
1E.Yerkinbekova
L.Kumar
DOI
https://doi.org/10.48081/PJQH4206
Ключевые слова
literary genre
essay
prose
journalism
literary criticism
a memoir novel
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ «ГҮЛШАТ-ШЕРИЗАТ» ДАСТАНЫ
Аннотация
Бұл мақала Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығыс қиссаларының сарынында жазылған «Гүлшат – Шеризат» дастаны жөніндегі зерттеу болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихында ерекше орны бар философ, ағартушы, фольклортанушы, ақын, ойшыл, этнограф, тарихшы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығын, оның ішінде дастандарын жан-жақты зерттеу – бүгінгі күнгі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасын зерттеп, осы тақырыпта қалам тартқан ғалымдар аз емес. Ақын шығармалары бойынша көптеген диссертациялар қорғалып, ғылыми еңбектер де жарияланды. М. Ж. Көпейұлының поэтикалық мұраларының едәуір бөлігін дастандар құрайды, ол бірнеше ірі дастандар жазған ақын. Дастандары әр түрлі тақырыпта жазылған, олардың біреуінде жеке адамдардың өмірі сипатталса, енді бірінде қоғам өмірі сипатталады, бірі діни тақырыпта жазылса, енді бірі шығыстық сюжеттерден алынып, шығыстық сарында жазылған. «Гүлшат-Шеризат» дастаны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ақындық шеберлігінің айқын көрінісі болған айшықты шығармасы. Дастан адамшылық, әділдік, адал ниет тақырыбында жазылған, дастанда әділдіктің жеңіске жетуі, әділдік, ғашықтық сөз болады. Мақаланың мақсаты – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дастандарын қарастыру, оның ішінде «Гүлшат-Шеризат» дастанына көркемдік тұрғыдан талдау жасау, оның басқа дастандармен ұқсастығын және айырмашылығын ашып көрсету.
Автор
Нуркина Н.А.
DOI
https://doi.org/10.48081/SUCA7190
Ключевые слова
Мәшһүр Жүсіп дастандары, идея, тақырып, сюжет, зерттелу тарихы, көркемдік ерекшелік.
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ САРАПТАМАЛЫҚ МАҚАЛАЛАРЫ
Аннотация
Мақалада ұлт мүддесіне қызмет еткен, саяси, мәдени өміріне белсене араласып, атсалысқан тұлға І.Жансүгіровтің баспасөз беттерінде жарияланған сараптамалық мақалаларының рөлі, ондағы көтерген мәселенің өзектілігі, шыншылыдығы, фактінің берілуі сарапталды. Ілияс Жансүгіровтің публицистік еңбегі, проблемалық мақаласы бүгінгі күн тұрғысынан бағаланып, қазақ баспасөзіндегі мақала жанрын бағамдаудағы орны айқындалады. І.Жансүгіров шығармашылығы негізінде баспасөздің ХХ ғасыр басындағы дамуының ішкі заңдылықтары ашылып-айқындалды. Ілияс Жансүгіров мақалаларының маңыздылығы қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасын қалыптасыруға, рухани әлемін байытуға, ұлттық сананың өсуіне, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға терең талдау жасай отырып, өз оқырманына жол көрсете білуінде. Оның мақаларын сараптау арқылы оқиғаға баға бере алуы, шындықты шеберлікпен жеткізе білуі талданды. Автордың қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауға бағытталған публицистикалық туындыларының саяси астары, публицистік өзіндік көзқарасы, өзекті мәселелерді шешу жолындағы ой тұжырымдары мен айғақты пікірлері ашып көрсетілді. Оның шығармалары оқырмандарды терең ойлануға және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге шақырады. Қазақ қоғамының рухани және мәдени дамуына үлкен үлес қосты. І.Жансүгіровтің ұлтының тарихи-мәдени өміріне өзінің парасаттылығымен, көкейкесті проблемаларды көрсете алуымен қоса сыни ойлана білуі, сол мәселелерге сергек қарап, жедел үн қоса білуі қарастырылды.
Автор
Кыяхметова Шара Асетовна
Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна
Жазыбекова Айсулу Кенжетаевна
DOI
https://doi.org/10.48081/CBNR7133
Ключевые слова
ұлттық баспасөз
публицист
сараптамалық жанр
проблемалық мақала
жазушы-журналист
Год
2025
Номер
Выпуск 1
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУЫЗША КОРПУСЫ ЖӘНЕ АУЫЗША ТІЛ
Аннотация
Мақала А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инститyтының 2022-2024 жылдарға арналған «Мемлекеттік тілдің ақпараттық-инновациялық базасы ретіндегі Қазақ тілінің ұлттық корпyсын әзірлеy: ғылыми-зерттеy және оқытy Интернет-ресyрсы» атты гранттық тақырып бойынша алғаш рет жоспарланып отырған қазақтың аyызша тілінің ішкорпyсына алынатын мәтіндердің сипатына арналады. Ауызша тілдің іш қорпусына күнделікті тұрмыстық қатынастағы ауызекі сөйлеу стилі (үй іші, отбасы, туған-туыс, көршілер арасындағы диалогтер, дүкен, көлік, қоғамдық орындардағы тілдесулер, бейресми сипаттағы телефон арқылы сөйлесулер), бейресми әңгіме, сұхбаттардағы машықсыз, дәстүрлі сөйлеулер, ауызша шаршысөз, дәріс, конференция, дөңгелек үстел, кеңес, семинар, сұхбаттардағы алдын ала жоспарланған тақырыпқа сөйленген сөздер, кино, сахналық қойылымдағы дискурстар, ауызша сөйленген машықты, машықсыз діни дискурстар, теле-радиодағы алдын ала тақырыбы белгілі бағдарламалардағы машықсыз сөздер алыну қажеттігі дәлелденеді. Себебі машықсыз сөйлеу тілі шынайы, табиғи тіл болып табылады. Осыған байланысты мақалада ауызекі сөйлеу тілінің ұлттық ерекшелігі сипатталады. Ол үшін мақалада бірыңғай қазақ ұлты қоныстанған өңірлердегі жасы үлкен қариялардың дәстүрлі сөйлеу тілі талданады. Ауызекі сөйлеу тілінде қазіргі қазақ сөздіктеріне енбеген тілдік қолданыстар, ерекше оралымдар көптеп кездесетіні дәлелденеді. Сол себепті жазба мәтінді дыбыстау, өлең, қара сөзді жатқа оқу, ақпараттық хабарлардағы жазылған мәтінді оқып беретін ауызша сөздер ауызша тілдің корпусына алынбайтыны айтылады. Сөйлеу тілі – сол ұлттың сөйлеу дәстүріне табан тірейтін, сөйлеу дәстүрін танытатын тіл болғандықтан, бұл мәтіндер ұлттық корпустың мазмұнын байытатын мәтіндер деген қорытынды шығарылады.
Автор
К. Кудеринова
Ә. Кожахмет
DOI
https://doi.org/10.48081/BAOL7210
Ключевые слова
Кілтті сөздер: ауызша тіл, ауызша тіл корпусы, ауызекі сөйлеу тілі, тілдік қолданыстар, машықсыз сөз, машықты сөз, сұхбаттар.
Ключевые слова: устный язык, корпус устного языка, разговорный язык, языковые употребления, спонтанная речь, неспонтанная речь, интервью.
Keywords: oral language, corpus of oral language, spoken language, language uses, spontaneous speech, non-spontaneous speech, interview.
Год
2024
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
ҚЫТАЙДАҒЫ ТҮРКІ НЕГІЗДІ КӨНЕ ТОПОНИМДЕРДІҢ БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ
Аннотация
Еуразия құрлығын ендей өтіп жатқан, Жібек жолы бойында орналасқан, Қытайдағы қалалар мен тарихи елді-мекендердің атауларына сараптаулар жүргізіліп, оның қазіргі қолданыс аясына барлау жасалды. Ұлы жібек жолы саудасы Қытайда бірнеше бағытта қатарынан іске асқан. Кейбір сақ, ғұн, үйсін, түркі дәуірінен жалғасып, бүгінгі күнге дейін жеткен жер-су атауларының тарихи, саяси себептермен басқа атауларға ауысу барысына шолу жасалды. Түркі халықтарының бұрынғы мекен еткен қоныстарындағы ежелгі қалалар мен елді-мекендердің жай-күйі, олардың бүгінгі күні сақталған-сақталмағанына талдаулар жасалып, тарихи құжаттар мен ғылыми зерттеу еңбектер аясында сұрыптаулар жүргізілді. Елді мекендердің топонимдік астарына, яғни топонимдік мифтер мен топонимдік аңыздарға барлау жүргізіліп, ғылыми тұрғыдан талдау жасалды. Тақырыптың ерекшелігіне сәйкес салыстырмалы-тарихи, жинақтау, сұрыптау әдістері қолданылды. Қазіргі кезеңдегі Қытайдағы елді-мекендердің тарихи атауларының жаңа атаумен қалай қолданыс тапқаны мысалдармен берілді. Кейбір жер-су атауларының бүгінгі күні жоқ екеніне, ал кейбірінің атауы бүкілдей өзгеруіне, тағы біреулердің тілдік, дыбыстық заңдылықтарға сүйене отырып, дыбыстық жағынан өзгеріп қолданысқа енгеніне шолу жасалды. Шыңжаң өлекесіндегі қазақтар шоғырланған елді-мекендердің қазіргі аталу жүйесіне де зерттеулер жүргізілді.
Автор
Насихат Набиолла
Кенжалин Қуанышбек Кәрімұлы
Алимхан Айгуль Асетовна
DOI
https://doi.org/10.48081/FHCR1521
Ключевые слова
миф
аңыз
тарихи атау
топонимдер
мәтін
Қытай аймағы
Жібек жолы
Год
2024
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА ӘҢГІМЕСІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Аннотация
Мақалада қазақ әдебиетіндегі әйел жазушы жазған тұңғыш прозалық шығарма әдебиеттанудағы гендерлік зерттеулер аясында алғаш рет сараланды. Нәзипа Құлжанованың «Маржан» әңгімесі әйел тақырыбына жазылған басқа авторлардың, атап айтқанда Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» шығармаларындағы кейіпкерлердің мінезіндегі айырмашылықтар, ортақ қасиеттері салыстырмалы талдау арқылы гендердік және феминистік сын тұрғысынан қарастырылады.. Нәзипа Құлжанованың қазақ әйелінің бостандығы мен еркіндігі тақырыбында әңгіме жазуына түрткі болған сол кездегі саяси жағдайлар мен ресми құжаттар да мақалада көрсетілді. Қазақ жазушы әйелдері тарпынан жазылған тұңғыш шығарма – «Маржан» әңгімесіндегі әйелдің жыныстық обьектіге айналуы, отбасылық және репродуктивтік міндеттерінің көрініс табуы гиносын тұрғысынан жаңа бағытта талданды. Кейіпкердің дүниені қабылдауы, иррационалды және эмоцианалды ерекшеліктері теориялық тұрғыда қарастырылды.
Автор
Төлеу А.Б.
Саулембек Г.Р.
DOI
https://doi.org/10.48081/QAJL5625
Ключевые слова
феминизм
гиносын
гендерлік зерттеулер
жазушы әйелдер шығармасы
фемининдік сын
танудағы феминистік бағыт
Год
2024
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал
А.СЕЙДІМБЕКТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҒҰМЫРНАМАСЫ
Аннотация
Қазақ сөз өнерінің тарихында тарихи-танымдық, этнографиялық шығармаларды жазу дәстүрі ежелгі дәуірден бастау алады. Белгілі зерттеуші ғалым Ақселеу Сланұлы Сейдімбек көптеген жылдар бойы зерттеп, оқырмандарға ұсынған күй өнерін (аспаптық музыкалық композиция) жан-жақты зерттеуді аяқтады. Автор қазақ халқының әдеби мұрасын тарихи және этнографиялық тұрғыда қазақ халқының рухында талдайды, олардың қалыптасу тәсілдерін, әлеуметтік өмірін және табиғи әдеттерін нақты дәлелдерге сүйене отырып талдайды. Қазақ музыкалық мәдениетіндегі ең эмпирикалық материал алғаш рет рухани революция болып табылады, ал көптеген халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы жаңа мәліметтерге негізделген. Жазушының ойлары жақсы ғылыми дәлелдерге толы. Прозашы жазған ғылыми-эстетикалық романды зерттеу маңызды. Бұл жазушының ата-бабаларының дәстүрлерін түсіндіру бойынша тарихи, танымдық жұмысының құнды мұрасы. «Қазақтар әлемі» («Мир казахов») кітабының авторы да деректі прозаның мәдени-эстетикалық сипатының көркемдік сапасын көрсетеді. Халық аңыздарын, салт-дәстүрлерін ұйымдастырады. Халық қолөнері, музыкалық аспаптар, ұлттық аңшылық, өнер шеберлері және т.б. – барлығы тарихи сана жүйесімен байланысты. Сонымен қатар түркі халықтарының мәдениеті, өзара байланысы, үндестігі жүйелі түрде жарияланып тұрады. Жазушы-ғалымның «қазақтар әлемі» («Мир казахов») кітабына ұлттық тарихтың маңызды дәстүрлері енгізілген.
Автор
Тлеубекова Б.Т.
Сағынтаева Ж.Қ.
Шаһарман Ә.П.
DOI
https://doi.org/10.48081/OKOK1519
Ключевые слова
күй өнері
ұлттық этнография
әдеби-ағартушылық қызмет
Халық музыкасы
Год
2024
Номер
Выпуск 4
Посмотреть статью Посмотреть журнал