Аннотация
Аңдатпа. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу, ғылыми негіздеу әр дәуірде түрлі белестерден өткені белгілі. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі ұлттық әдебиетті жаңа қырлардан жан-жақты зерттеуге, тың ізденістерге, сонымен қатар ақтандақтарды орнына келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі таңдағы заманауи зерттеулер нәтижесінде ұлттық әдебиетіміз қасаң саясат салдарынан қалыс қалған рухани, әдеби жәдігерлермен толықтырылды. Қазіргі қазақ әдебиеті тарихының өрісі кеңейіп, тарих тамыры тым тереңге бойлайтыны айғақталды. Мақалада қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу мәселелері баяндалды. Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудің дәстүрлі бағыттарына және жаңашыл ізденістерге шолу жасалды. Дәстүрлі және жаңашыл ізденістердің ерекшеліктері, ғылыми ұстанымдары сараланды. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеген ғалымдардың еңбектері, зерттеушілердің ертедегі және қазіргі ізденістері, ұжымдық зерттеу жұмыстары талданып, олардың әдебиеттану ғылымында алатын орны мен қосқан үлестері бағамдалды. Қазақ әдебиеті тарихына заманауи зерттеулердің енгізген жаңалықтары, аспектілері нақты ғылыми-зерттеу еңбектер негізінде екшелді. Тұтас қазақ әдебиетінің тарихын жасау жолындағы ізденістердердің өзіндік жүйесіне, тың көзқарастарға назар аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің тарихын зерттеу жұмыстарындағы ізденістер мен пікірлерді сараптай келе, негізгі бағыттары анықталды. Зерттеу нәтижесі ретінде ұлттық мұраны зерттеудің жаңа жолдары бағамдалды. Ғасырлар бойы жинақталған әдеби мұраларымызды заманауи талаптар тұрғысынан қайта зерделеудің маңызы нақтыланды.
Аннотация. Статья посвящена рассмотрению проблем истории исследования казахской литературы. Представлен обзор как традиционных, так и новых направлений данной области научного познания. Были изучены особенности традиционных и новых исследований, рассмотрены различные научные платформы. Особое внимание было уделено сопоставлению трудов по истории исследования казахской литературы, оценке вклада исследователей и их роли в становлении и развитии научных направлений. При этом движения научной мысли рассматривалось в ретроспективе: от ранних трудов до современных работ. Путем анализа конкретных научных трудов рассмотрен вклад современных исследований истории казахской литературы. Уделено внимание наличию в них особой системы, присутствию альтернативных взглядов на решение проблем. На основании проведенной аналитической работы определены новые направления изучения истории казахской литературы. В качестве результатов исследования представлены новые пути исследования национального наследия. Подтверждена необходимость пересмотра подходов изучения литературного наследия с учетом требований современных научных направлений в данной области научного познания.
Abstract. The article is devoted to the problems of the history of the study of Kazakh literature. The review of both traditional and new trends of this field of scientific knowledge is presented. The features of traditional and new research have been studied, and various scientific platforms have been considered. Special attention is paid to the comparison of works on the history of the study of Kazakh literature as well as the assessment of the contribution of researchers and their role in the formation and development of scientific trends. At the same time, the movements of the scientific thought have been considered in retrospect: from early works to modern works. The contribution of modern studies of the history of Kazakh literature has been considered by analyzing the specific scientific works. Much attention is paid to the presence of a special system in these works and the alternative views on solving the problems. Based on the conducted analytical work, new trends of studying the history of Kazakh literature have been identified. As the results of the study, new ways of studying the national heritage are presented. The necessity of reviewing the approaches to the study of literary heritage, taking into account the requirements of modern scientific trends in this field of scientific knowledge, has been confirmed.
Автор
Матаева Асыл Камчыбековна
Сағымбай Жұмағұл Ботпайұлы
Коптева Элеонора Ивановна
DOI
https://doi.org/10.48081/TRYX4639