Қазақ тіліндегі өрнекті сөйлемдер синтаксисі
Аннотация
Бұл мақала қазақ тілі синтаксисінің жаңа саласын танытуға
бағытталған. Мақала авторларының түйіндеуінше, қазіргі қазақ
тілі синтаксисі сөзтұлға, сөз тіркесі және сөйлем синтаксисі
ретінде әбден танылып болды. Ал «орамды сөйлемдер» синтаксисі
мен «өрнекті сөйлемдер» синтаксисі атты сала атаулары жалпы
синтаксисті тиянақтап тұруы қажет. Тек осы жағдайда ғана
бірбүтін синтаксистік құрылым жинақталатын болады.
Аталған тақырып атауы А. Байтұрсынұлының ұсынымындағы
пәнсөзбен берілді. Әрі сол ғалымның ғылыми тұжырымдарын
бекітуге арналды. Нәтижесінде, ғалымның «өрнекті» деп тапқан
сөйлемдері синтаксис саласының ең жоғарғы түріне сәйкесетіні
анықталып, оның ішкі құрылым бөліктері дәлелденді. Ғалымның
ғылыми тұжырымдары нақты мысалдармен тиянақталды.
Автор
Б. Сағындықұлы, Г. Сәкенова
DOI
https://doi.org/10.48081/GRRB7263
Ключевые слова
мәтін, мәнмәтін, мәтін синтаксисі, орамды сөйлемдер, өрнекті сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер, сөйлемдер байланысы, мағыналық қатынас, байланыстырушы құралдар
Год
2020
Номер
Выпуск 4