ТАРИХИ РОМАНДАҒЫ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМНІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Аннотация
Мақалада Р. Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романындағы
тартыс пен кейіпкерлер жүйесі зерделеніп, туындыдағы тарихи
шындық пен көркемдік шешімінің ара қатынасы ашып көрсетілген.
Тарихи оқиғаны, тарихи тұлғаны сомдауда көркем прозамызда
тамаша үлгі – М. Әуезов дәстүрі бар еді. Ұлы суреткердің қаламынан
туған «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетін әлемдік
деңгейге көтерумен бірге ұлттық әдебиетте өміршең дәстүр
қалыптастырды. Өзінің шығармашылық жолында оннан астам
роман жазған Рамазан Тоқтаров аса күрделі де қиын, көтерер жүгі
орасан зор тақырып – Абай тақырыбына барды. Жазушы Абай
туралы үлкен туындысына роман-хамса деген атау берді. Сөйтіп
қарымды қаламгер қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық енгізді. Суреткер
мұрағат құжаттарында кездесетін құрғақ деректерді қайталаумен
шектеліп қалмай, Абай өміріндегі тарихи шындыққа сәйкес келетін
деректерді шеберлікпен көркемдік дәрежеге көтере алған. Бұл –
тарихи шындықты, тарихи тұлғаны қазіргі заман тұрғысынан
танып, бағалағанын айқындайды. Ол дүниеге әкелген «Абайдың
жұмбағы» романы – жанр талаптарына толығымен жауап беретін
көркем туынды. «Абайдың жұмбағы» романы – өз алдына жекелей
қарастырып, жүйелі зерттеуді қажет ететін туынды. Мақалада
осы мәселеге назар аударылған.
Автор
С. Н. Сүтжанов, Б. Ш. Құралқанова, А. Имантай
DOI
https://doi.org/10.48081/XREL4079
Ключевые слова
тарихи роман, тарихи шындық, көркемдік шешім, жанр, әдеби дәстүр.
Год
2020
Номер
Выпуск 3