АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «ЖҮРЕК» АРХЕТИПІ
Аннотация
Мақалада К. Юнг анықтаған Эго немесе европаша Self, яғни
Өздік (Самость) архетипінің Абай шығармаларындағы айқындалу
ерекшелігі қарастырылған. К. Юнг поэзияда ақындардың ерекшелігін,
өмірге, жалпы әлемге танытатын өзіндік «менін», ақынның Эгосы
деп атаған болатын. Әрбір ақынның эгосы оның шығармаларында
белгілі бір символмен, кескінмен анықталатынын атап көрсеткен
болатын. Абай шығармаларында ақынның «мені» жүрек архетипі
арқылы танылатыны, оның өлеңдерін талдау арқылы зерттелді.
Абайдың көптеген өлеңдеріндегі «Жүрек» және «Көңіл» архетиптері
қазақ әдебиетіндегі ақынның Эгосын айқындайды. «Жүрек» архетипі
«Жүректе қайрат болмаса», «Ауру жүрек ақырын соғады жай»,
«Жүрегім нені сезесің», т.б. өлеңдерінде өзіндік мотивке ие болып,
ақынның тылсым сыры мен жан-дүниесін жарқырата танытты.
Жүрек архетипі адамзат жаралғаннан бері, сонау есте жоқ ескі
заманнан бүкіл әлем халықтарында биологиялық, философиялық,
тілдік концептіге ие болып келеді. Ал қазақ поэзиясында жүректі
көркем шығарманың идеясына, сюжетіне, образға, символға
айналдырған – Абай. Ақын қазақ әдебиетінде жүрек мифологемасын,
мифопоэтикасын жасады деп батыл айта аламыз. Қазақ поэзиясында
Абайдың жасаған жүрек образы күллі қазақтың жүрегін бейнелейді
Автор
М. С. Оразбек, М. Н. Баратова
DOI
https://doi.org/10.48081/EDPA8589
Ключевые слова
Эго немесе Өздік архетипі,кейіпкер психологиясы, символ,жүрек мифологемасы, айна мифологемасы
Год
2021
Номер
Выпуск 2