ҰЛТ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСТАР БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ Қ. МӘШҺҮР-ЖҮСІП «ҚЫЗДАР – ЖІГІТТЕР» РОМАНЫ
Аннотация
Мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті тұлғасы,
жазушы Қуандық Пазылұлы Мәшһүр-Жүсіптің «Қыздар, жігіттер»
шығармасы талданған. Шығарма алғаш рет 1981 жылы «Қыздар,
жігіттер» повесі болып жарыққа шықса, кейіннен кеңейтіліп роман
болып қайта шықты. Жазушы қазақ жастарының, соның ішінде
студенттердің бейнесін талдаған. Көркем кейіпкер бойындағы ұлттық
мінез мен уақыт өзгерістері Кәкімтай, Гүлина бейнелері арқылы
көрінген. Шығармадағы Дариғаш, Сейіл, Роза т.б. бейнелері арқылы
түрлі адам мінез-құлықтар көрсетілген. Сол арқылы жазушы болашақ
қоғамның түрлі белгілерін көрсетеді. Шығармада жастардың білімге
құштар бейнелерімен бірге білімді емес, таныс іздеу, болашақты
өзгеше жолмен жақсы етуге студент кезден талпыныс жасап
жүрген кейіпкерлер де бар. Жазушы қазақ жастарының 1970–1990
жылдардағы бейнелері арқылы кейінгі қоғам иелерін суреттеген.
Мақалада шығарма кейіперлерінің суреттелуі, автор стилі,
жеке образды берудегі шеберлік, тақырыптың өзгешелігі, идеяның
берілуі, көркемдік ерекшеліктер талданған. Автордың позициясы мен
шығармадағы кейіпкер суреттелуі, автордың жастар ісін жетік
білетін талғампаздығы да назарға алынған. Сонымен бірге мақалада
жазушының лабораториясының басты ерекшелігі – аталған
шығарма оқиғасы әр кез жастарының психологиясын дәл беруімен
анықталатындығы деп атап көрсетілген.
Ғалым, шығарма авторы Қ. П. Мәшһүр-Жүсіптің жоғары оқу
орнында ұстаз болған, студенттер өмірін жетік білетін талғампаз
көзі суреткерлікпен дәл ұқштасқандығы ашылған.
Шығарма бүгінгі жастар үшін өткеннің суреті ғана емес,
жастардың білім алудағы мақсаттары мен өмірлік ұстанымдарын
айқындай алулары, арманшыл көңілдерін шындықпен, қоғаммен
жалғастыра білулері деген мәселелерде қажетті тақырып екендігі басты көңіл бөлінетін тұс. Мақалада шығарманың тәрбиелік,
эстетикалық тұстарына да көңіл аударылды.
Автор
С. Т. Елікпаев, Б. Қ. Қапасова
DOI
https://doi.org/10.48081/YQAN9323
Ключевые слова
әдеби сұраныс, махаббат, жастық, кейіпкер, мінез метомарфозасы, портрет, штрих, ұлттық мінез
Год
2021
Номер
Выпуск 1