ҚАЗАҚ МЕДИАМӘТІНІНІҢ ҚАЗІРГІ КОММУНИКАТИВТІ КЕҢІСТІКТЕГІ РӨЛІ
Аннотация
Бұл мақалада журналистік мәтін, жарнама мәтіні, пиар мәтіні сияқты терминдерге гипероним болатын «медиамәтін» ұғымының ерекшеліктеріне талдау жасалынған. Медиамәтіннің типологиясы мен қазақ бұқаралық ақпарат құралдарында оның қолданысының ерекшеліктері қаралған. Авторлар «медиамәтін» терминін анықтаудың әртүрлі тәсілдерін қарастырады. Талдау негізінде авторлар медиамәтіннің белгілерін ажыратып, оның басқа мәтін түрлерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Бұл еңбекте газеттік мәтіндер, Интернет мәтіндер мен телевизиялық мәтіндердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қарастырылған. Мысал ретінде қазақстандық телеарна мен радио бағдарламалары, газеттік мақалалар мен әлеуметтік желілердегі посттар келтірілген. Зерттеу тақырыбының өзектілігі ақпараттық дәуірдің келуіне байланысты бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі қоғамның өмірінде үлкен орын алып отыруымен анықталады. Бұл салада ғылыми зерттеулердің қажеттілігі күннен күнге өсіп келеді, өйткені медиамәтіндерде тілдік шындық көрсетіледі. Бұл ғылыми мақалада Қ. Ө. Есенова, Т. Г. Добросклонская, Я. Н. Засурский, Г. Я. Солганик, Ю. В. Рождественский сияқты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылған. Зерттеуде қазіргі медиамәтіннің ақпараттық, әлеуметтік және сөйлеу динамикасын анықтайтын негізгі факторларға тоқталып кеткен. Медиамәтін журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс саласындағы бұқаралық коммуникацияның жиынтық сөйлеу өнімі ретінде көрсетілген.
Автор
Ж. М. Жусубалина
Л. К. Карабаева
Б. М. Тлеубердиев
DOI
https://doi.org/10.48081/LRDT8694
Ключевые слова
медиамәтін
бұқаралық ақпарат құралдары
ақпарат коммуникациясы
журналистік мәтін
Интернет
пиар
БАҚ тілі
ақпарат
репортаж
Год
2023
Номер
Выпуск 1