МӘШҺҮР ЖҮСІП ЖӘНЕ ЖӘЛЕЛӘДДИН РУМИ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СЮЖЕТ ТӨРКІНДЕСТІГІ
Аннотация
Әлемдік мәні бар шығыс әдебиетінің қазақ әдебиетіне тигізген
әсері орасан зор. Шығыс пен қазақ әдебиеті арасындағы байланыстың
тамыры тереңде жатқаны белгілі. Шығыс әдебиеті мен Мәшһүр
Жүсіп Көпейұлы байланысын сараптағанда, тақырып, идея, қаһарман
сомдау т.б. мәселелеріндегі төркіндестікпен қатар шығарма сюжетін
ықшамдап сараласақ, туынды фабуласындағы үндестік, жалғастық,
сабақтастық та назар аудартады. Мақалада шығыс әдебиеті
мен қазақ әдебиетіндегі сюжет төркіндестігі, оның ішінде шығыс
ақындарының ішіндегі биік тұлға, шығармалары сопылық поэзияның
биік шыңы деп танылған, моулана сопылық бауырластығының негізін
қалаушы, парсының атақты мистик-ақыны Жәлеләддин Руми мен
ақын, тарихшы, фольклорист, публицист, сыншы, шежіреші, әулие,
ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларының сюжетінде,
яғни фабуласында орын алған сабақтастықты, ұқсастықтар мен
айырмашылықтарға талдау жасалынды.
Автор
Н. Қ. Жүсіпов, Е. Қ. Жүсіпов, М. Н. Баратова
DOI
https://doi.org/10.48081/ZMVY5767
Ключевые слова
сюжет, мысал, шығыс әдебиеті, қазақ әдебиеті, поэзия, араб әдебиеті, парсы әдебиеті
Год
2022
Номер
Выпуск 1