ИНТЕРНЕТ ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ ТІЛДІК НОРМА
Аннотация
Мақалада бүгінде аса сөз етіле бермейтін, қазіргі қазақ тіл
білімінде басты назардан тыс қалып бара жатқан тілдік норма
мәселесі қозғалған. Мақала авторы жалпы интернет лингвистика
саласын зерттеп жүрген орыс зерттеушілері мен қазақ ғалымдарының
пікіріне сүйене отырып, ғаламтордың тілдік нормаға әсер ету
құбылысын екі жақты қарастырады. Біріншісі – ауызекі сөйлеу
үлгілерінің интернеттегі қарым-қатынасқа енуі, екіншісі – керісінше
ғаламтор әсерінен тілімізге еніп кеткен түрлі сленгтер. Бұл мәселе тіл
тазалығын сақтауда өзекті екені белгілі. Сондай-ақ тілдік норманы
бұзатын уәжді-уәжсіз ауытқулар жайлы ғалымдарымыздың пікірін
келтіре отырып, интернеттегі тілдік норманы бұзатын себептер
айтылған. Қай-қайсысы болсада бүгінде орын алып жатқан жағдайлар.
М. Балақаев, Р. Сыздық және ағылшын, орыс тіл білімінде
интернет лингвистикаға елеулі үлестерін қосып жүрген Д. Кристал,
Л. Ф. Компанцева, Е. И. Горошко, Н. А. Ахреновалардың еңбектерін
басшылыққа ала отырып, интернет әсерінен болып жатқан тілдегі
өзгерістерді, оның алдын алу шаралары да мақалада қарастырылған.
Автор
Н. Х. Ахтаева
DOI
https://doi.org/10.48081/YOLO5837
Ключевые слова
интернет лингвистика, әдеби тіл, тілдік норма, уәжді ауыту, уәжсіз ауытқулар
Год
2020
Номер
Выпуск 4