«ӨКІНУ» МОДАЛЬДІ РЕҢКІНІҢ ЖАСАЛУ ТӘСІЛДЕРІ
Аннотация
Синтаксистегі құрылымдық бағыттың бүгінгі жетістіктері
модальділік категориясының барлық ерекшелігін қамти алмай
отыр. Модальділік тақырыбы зерттелген еңбектерде іс-әрекеттің
ақиқат шындыққа қатысы, реалды, ирреалды іс-әрекет жан-жақты
талданып, объективтік модальділік мәселесі ғана талданады.
Ал сөйлеу тілінде жанданатын субъективтік модальділіктің
грамматикалық белгілері әлі де саралауды қажет етеді. Осыған
орай, мақалада субъективтік модальділіктің мүмкіндіктерін
айқындап, тілдік инсанның психолингвистикалық сипаттарына
назар аударып, субъектаралық қарым-қатынаста, сөйлеу әрекетінде
жанданатын, тұтас мәтін деңгейіндегі семантикалық байланыс
негізінде жүйеленетін күрделі құрылымын толыққанды зерделеу
үшін, функционалды бағытта талданған зерттеу нәтижелері
ұсынылды. Субъективтік модальділіктің тілде көрініс беріп, белсену
сатысын жүйелеу, бұл санат белгілерінің сөйлеу тілінде қозғалысқа
түсуін, тілдік амалдардың көп функциялы қызметін негізге ала
отырып, модальділік санатының күрделі грамматикалық құрылымын
ажыратуда мәтін деңгейіндегі салыстырулардың қажеттілігін
анықтау өзекті мәселелердің қатарына жатады. Мақалада «өкіну»
модальді мәнінің жасалу жолдары талданған. Лингвистикалық
саралау нәтижесінде, «өкіну» модальді мәнінің мәтін аясындағы
жасалу жолдары үш аспектіде, яғни құрылымдық-грамматикалық,
контекстегі семантикалық ұйысым және когнитивтік аспекті
негізінде қалыптасатындығы дәлелденген.
Автор
Ж. А. Құсайынова
DOI
https://doi.org/10.48081/HLII4833
Ключевые слова
модальділік, модальді мән, мәтін, семантикалық ұйысым, құрылымдық-грамматикалық, когнитивтік аспекті
Год
2020
Номер
Выпуск 3