ӘДЕБИЕТТЕГІ БАРОККО СТИЛІНІҢ ИНТЕРПРЕТАЦИЯСЫ
Аннотация
Өнерде барокко стилін мәтін мен мазмұн құрылысынан байқауға болады. Барокко стандарттары үнемі жаңарып, толығып жаңа мазмұнмен байып отырады. Соңғы жылдарға дейін барокко термині жағымсыз мазмұнда түсіндіріліп келді. Мақалада барокко терминінің шығу, даму тарихын қарастыра отырып, стилдің өзіндік ерекшеліктеріне, өнер саласында, әдебиеттегі берілуі тәсілі мен көркемдік көрінісіне тоқталдық. Барокко – өнер мен әдебиеттегі шындықты суреттеудегі әсемдік, талғампаздық, форма мен пішіннің түрлілігі, авторлардың қиял биіктігін талап ететін стиль. Барокко стилі авторлардың еркіндікке ұмтылысын сипаттайды. Осы уақытқа дейін барокко стилі кескін, сәулет, музыка өнеріндегі жүйелі қарастырылып келсе, біз зерттеуімізде әдеби термин ретінде қалыптасуындағы алғышарттары мен өзіндік белгілерін ашуғы тырыстық. Сонымен қатар, мақалада классицизм мен барокко арасындағы өзгешеліктерде қарастырылды.
Зерттеу барысында теориялық еңбектерге шолу, салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды. Терминнің теориялық тұжырымын, қалыптасу кезеңін нақтылау мақсатында тарихи зерттеу, ғылыми еңбектерге талдау жасалынды. Ф. Монэ, П. Помей, А. Фюретьер, Т. Готье, Г. Вельфлин және отандық ғалымдар Р. Нұрғали, Ж. Аймұхамбет, С. Айтуғанова, Қ. Байтанасова, М. Оразбек т.б. зерттеулері басшылыққа алынды.
Автор
Сагидуллиева С.С.
Султангалиева Р.Б.
Оразбек М.С.
DOI
https://doi.org/10.48081/TONA8029
Ключевые слова
Көркем проза
бароккалық стиль
классицизм
қайта өрлеу дәуірі
көркем бағыт
Год
2023
Номер
Выпуск 3