ЦИФРЛЫҚ ДИСКУРСТАҒЫ ӘЛЕМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ: ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ
Аннотация
Мақалада цифрлық дискурстағы әлемнің құндылықтық тілдік бейнесі теориялық және әдіснамалық тұрғыдан қарастырылады. Цифрлық қатысым жағдайында әлеуметтік, мәдени және ұлттық құндылықтардың қалыптасуы сипатталады. Зерттеудің мақсаты – цифрлық дискурстағы әлемнің құндылықтық тілдік бейнесін теориялық және әдіснамалық қырдан зерделеп, ғылыми негіздерін айқындау, құрылымдық ерекшеліктері мен қалыптасу тетіктерін жүйелеу, цифрлық коммуникация кеңістігіндегі қызмет ету өзгешеліктерін анықтау. Теориялық және әдіснамалық талдаулар аксиологиялық, цифрлық дискурс және олардың өзара байланысы негізінде әлемнің тілдік бейнесін зерттейтін ғылыми зерттеу бағыттарын айқындайды, цифрлық дискурстағы дәстүрлі құндылықтық бағдарлар транформациясына, интернет-коммуникациядағы құндылықтық мағыналарды қалыптастыру мен оларды бейнелейтін тілдің рөліне баса назар аударылады. Цифрлық дискурстың ерекшелігін, яғни жаңа коммуникативтік әрекеттер мен мағына құрастырушы құралдардың қалыптасу кеңістігін ашуда отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми тұжырымдамалары пайдаланылды. Әлемнің құндылықтық тілдік бейнесінің қызмет ету өзгешелігін кешенді зерттеуді айқындайтын когнитивтік, лингвомәдени, дискурсивті және аксиологиялық бағыттар сараланды. Зерттеу нәтижелері цифрлық дискурстағы әлемнің құндылықтық тілдік бейнесі туралы қалыптасқан теориялық түсініктерді қорытындылауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында шығарылған түйіндерді цифрлық лингвистика, медиалингвистика, дискурстық талдаулар, лингвомәдениеттану мен аксиологиялық лингвистика бағытында жүргізілетін ізденістерде қолдануға болады.
Автор
А. Ж. Анесова
Т. Қ. Садығұл
А. К. Сулейменова
DOI
https://doi.org/10.48081/BTOUPh3.2026/99-114
Ключевые слова
цифрлық дискурс
әлемнің тілдік бейнесі
интернет
теориялық-әдіснамалық талдау
аксиология
Год
2026
Номер
Выпуск 3