ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ЛИМИНАЛДЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ
Аннотация
Мақалада әлем әдебиеттану ғылымында танымал құбылыс: лиминалдық концепциясы қарастырылды. Шетелдік ғылыми зерттеулерді негізге ала отырып лиминалдық категориясына анықтама берілді. Лиминалдық антропология, қазіргі мәдениеттану және әдебиеттанудың маңызды категорияларының бірі болып табылады. Лиминалдық – өмірдің бір кезеңінен екінші кезеңіне өтуді білдіреді. Лиминалдық терминін алғаш рет антропология ғылымына Арнольд Ван Геннеп енгізген болатын. Антропология саласынан әдебиеттану ғылымына лиминалдық идеясын терминологиялық және тұжырымдамалық тұрғыдан негіздеген Виктор Тернердің пайымдаулары зерделенді. Зерттеу жұмысының мақсаты: лиминалдық концепциясының қазіргі әдебиеттану ғылымындағы алатын орнын, маңыздылығын, өзектілігін байыптау. Осы бағытта авторлар шетел философтары мен әдебиеттанушылардың іргелі еңбектерін саралап, кешенді талдау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде лиминалдық теориясының ерекшеліктері анықталып, лиминалдық құбылыстың әдебиеттануда алатын орны бағамдалды. Авторлар әдебиеттегі лиминалдықтың қызметі мен рөлін егжей-тегжейлі зерттеп, көркем шығарма негізінде талдау жасап, қазіргі қазақ әдебиетіндегі лиминалдық концепциясын тәжірибешілік тұрғыдан дәйектеді. Лиминалдық теориясын ғылыми тұрғыдан пайымдау, зерделеу шетел ғалымдарының еңбектерінде көрініс тауып, лиминалдық мәселесі қазіргі әлем әдебиетінде өзекті бағыттардың бірі болғанымен, қазіргі қазақ әдебиеттануында зерттеу объектісі ретінде қарастырылмаған деп айтуға болады. Демек, терең зерттеуді талап ететін тың сипаттағы тақырыптардың бірі болмақ.
Автор
Матаева Асыл Камчыбековна
Жұмағұл Сағымбай Ботпайұлы
Коптева Элеонора Ивановна
DOI
https://doi.org/10.48081/HLOX6568
Ключевые слова
лиминалдық концепциясы
лиминалды кеңістік
лиминалды кезең
өтпелі күй
шектік мән
Год
2023
Номер
Выпуск 4